Доллар ұшты, теңге түсті, біртүрлі болудың көкесі алда ма деген күмән бәрімізде бар

13 наурыз 2022, 02:16

Ау, қант бітеді деген шу қайдан шыққан. Біздің снабженіс 1 келі құмшекерді 450 теңгеге алып кепті. Қалғаны сол ғана екен, ел талап кетіпті. Үш айдан соң Қазақстаннан бір қасық қант таппайсың деп әйел біткен дорба арқалап, шулап жүр екен. Кеше бір сөз гу еткен, бүгін ел біткен шу еткен... Шақпақ бар ғой, шайға болар десем "бәренені қалай қайнатам?" деп біртүрлі болып отыр. Доллар ұшты, теңге түсті, біртүрлі болудың көкесі алда ма деген күмән бәрімізде бар. Бірақ ойбайға аттан қосып ел дүрліктірмеу жағын ойлау керек.

Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан