Сен тұр - мен айтайын!

Домбыра да төрге ілінген, бірақ оқылмайтын Құран сияқты болып барады

  • Домбыра да төрге ілінген, бірақ оқылмайтын Құран сияқты болып барады

    Домбыра да төрге ілінген, бірақ оқылмайтын Құран сияқты болып барады

Домбыра үнін естісе, қазақтың көбі елең етіп, "ойпырым-ай, тарт, кəне!" деген сыңайлы үн қатады. Əрине, кəнігі домбырашы болса, тыңдаушыны үйіріп əкетер. "Ұлттық өнерді дамыту қажет" деп қоямыз желпініп. Бірақ домбыра шертіп, мəжіліс құратындар аз секілді.


Байқағаным, жастар гитараға əуес. Тойда екпінді күйлерді сатырлатып тартқанды тыңдағанға мəзбіз. Күй мазмұнын білу, лирикалық сазға ден қою, тарихына шолу жасау дəстүрі мақұрым болуда. Расы керек, өте немқұрайлы, бала күнгі əуестік ретінде қарайтын өнер боп кетті. Төрде ақ матаға ілінген, бірақ оқылмайтын Құран сияқты болып барады. "Бешір, посиделкі" деп зыр жүгіретін біздің жастық шақ дүңкілдек музыка жетегінде қалды. Меніңше, кеңестік кезеңдегі аға буындардың "бешірі" бешір болған сияқты. Тоқсаныншы жылдары домбырамен өтетін сауық кештер, үйдегі қонақтық жайын көре қалдық. Сол əуендер қандай еді? Əлі күнге есімде. Домбыраны қолына аялай ұстайтын Алтынбек Қоразбаев, Мейрамбек Беспаев, Тоқтар Серік сынды əншілердің дəуірі шалқып тұратын. Қазір жан жадыратып, хормен əн салатын кештерді мүлдем көруден қалдым. Эстрадамен əрлеген, тіпті дауыс толқыны қай шырқауға апаратынын білмейтін əндер домбыраға да, ыңылдап айтуға келмейді, жатталмайды. Жастардың талабы жоқ емес бар. Үoutube арнасында домбыра үйрету сабақтары, орындау шеберлігі 100 мыңдап қаралатың деңгейге жетуде.


Ал əнші-термешілерімізді сахнаға поппури айту үшін шығарып, жетім қозын күйін кештіруді қою қажет. Күй, терме өнерін саудаға салмау қажет. Ұлттық рухтан айырылып бара жатқан халықпыз. Мемлекет миллиондап қаржы бөліп, домбыраны жанына серік еткендерді насихаттап, даңқын аспандатуы керек. Ел алдында мерейі өскен өнерпаздарға ұрпақ қызыға қарайды. Жарнама дəуірі бұл. Əйтпесе, өткенде Оралда мыңдап күй тартуға балаларды ауыл-аймақтан əрең теріп алғаны белгілі.


Домбыраны əр ауылда құр тастан соғуға, мақтан үшін қаржы жұмсағанша, талантқа берейік. Қазақтығын айтып, елжірегендер... қай кезде мейірленіп, құрышың қанып, мəжіліс-думан, салиқалы əңгіме-дүкен құрдыңдар бір ауық? Даңғаза тойдан шаршап шығатындарыңыз рас қой. Өзім де əн-күй, жыр тыңдаудан алыстап кеткенімді сезінемін. Дегенмен де асықпай құлақ асып, тыңдасаң, жансарайың ашылып, бір жасап қаласың. Баба үніне таң қаласың. Өзге əлемге жол тартқандай боласың. Алпыс екі тамырың жібігендей күй кешем кейде. Қаныңдағы ген асыр салады. Қобыз үні қандааай, ə? Меніңше, оны түсінетіндер тіпті аз. "Зарлатып қойды" деп мұрын шүйіретіндер көп. 2-3 минуттық күйге, алапат сарынға тұтас бір хикаяны, сырбаз сезімді, кіршік сырды, күрсініс демін, табиғат дауысын, ана еміренісін, жан-жануар, аң-құс үнін, ғашықтар шерін, ер мен ел тағдырын сыйғызатын мұндай өнер еш елде жоқ.


Саяси тақырыптан шаршап, көкейге оралған ойды бөлісіп жатырмын )). Сіз қалай насихаттап жүрсіз? Расымен де, күй тыңдауға ерік-жігеріңіз жете ме? Түсінемісіз тақырыпты? Балаларға насихат қалай жүргізуге болады? Пост қызықтырмаса, əлеужеліні əрі парақтай беріңіз. Толғандырса, ой бөлісіңіз, оқиын. Айтылған сын қазақтың қара өнері бұзылмаған аймақтар мен домбыра үніне іңкəр жандарға бағытталмаған. Көз көрген дүние мен өзгерген болмысты айтып жатырмын. Қазақпыз ғой.


Нұртай Текебаев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 774    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.04.2019, 12:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31