Сен тұр - мен айтайын!

Домбыраны шаққан азғын құр кешіріммен кетіп жүрмесін!

  • Домбыраны шаққан азғын құр кешіріммен кетіп жүрмесін!

    Домбыраны шаққан азғын құр кешіріммен кетіп жүрмесін!

Жапонияда бір келімсек дайсені, яғни самурай қылышын қорлап, сындырса не болады? Бір жапон сол қылышпен ойланбастан басын алар еді.
Кавказда бір сілімтік папаханы аяққа таптап, мазақ етсе ше? Тірідей көмер еді.
Алысқа бармай-ақ көршілес қырғызға барып, бір оңбаған айыр қалпақты аяққа таптаса ше? Онда оны ат құйрығына байлап, сүйреп өлтірер еді.

Неге? Өйткені ол сол ұлттың ұлттық құндылығы, тарихы, ішкі әлеміне тиесілі жәдігері. Енді бізде бір келімсек малғұнның домбыраны тас-талқан еткеніне қандай жаза қолдануы мүмкін? Заң не дейді? (Айтпақшы, заң бар ма өзі)

Тағы өтірік кешірім сұрап, құтыла сала ма? Құрманғазының қолынан түспеген, Жамбыл жастанып жатқан, Қаршығалар құшақтап өткен қасиетті қара домбыраны сындырған сілімтіктің жазасы қандай болмақ? Алдында күллі әлем тізезін бүккен Шыңғыс Ханның өзі, Кетбұғаның қолындағы қара домбыраға бас игені бар емес пе?!

Қағандардың өзі бас иген домбыраны, қазіргі басшыларымыз қалай қорғайды? Алтын Орданың 750 жылдығын құр әнмен, гәккулетіп өткізбей осында тұратын бар ұлтқа идеологиялық маңызы бар шараларды жасау арқылы іске асырыңдар. Ешкім ешқашан қол тигізіп, қорлай алмайтын құндылықтардың барын түсінсін дүйім жұрт. Ол үшін мына оңбағанды заң аясында соттаңдар!

Видеоға кешірім сұрап, құтылмасын! Аққаланы сындырған аққаланы қайта жасайды да, домбыраны шаққан азғын құр кешіріммен кетіп жүрмесін!

Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1611    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.02.2020, 11:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30