Сен тұр - мен айтайын!

Дөңайбат немесе Донецкідегі дәрменсіздік...

  • Советқазы Нұрсила

    Советқазы Нұрсила

1983 жылы ДВВПУ (Донецское Высшее Военное Политическое Училище) бірнеше ай әскери дайындықта болуға тура келді. Өнеркәсібі дамыған, азық-түлікпен жақсы қамтамасыз етілген миллионнан астам тұрғыны бар қонақжай қала еді. Украинның қыз-келіншектері де әдемі, ақкөңіл болады екен...
Бүкіл Кеңестер Одағынан келген офицерлерге топография, соғыс тактикасы мен стратегиясын, қарусыз адамды өлтіруді үйретті, ПТУРС пен танктен оқ атып, дегендей....
Бірде бізді басқарған украин полковнигімен ұзақ әңгімелесіп қалдым (аты-жөні есімде қалмапты)... Сол полковник:
– Орыстың басқыншылық саясаты, бейбіт жатқан Ауғанстанға сендерді апарып қырып салар ма екен?!!! Сендер – қазақтар біз сияқты Кеңестер Үкіметінен көп зардап шеккен халықсыңдар, Орыстың (Москаль) қорлығын көп көрген халық түбі бір көтеріледі, – дегенде таң қалған едім...

1986 жылы қазақ жастары көтерілді... Қырық жылдан кейін Ресей Донецкіге дөңайбат көрсетіп жатыр.... Ой Алла, Қырық жылдан кейін оның сөзі дәлелденді!!!
P.S. Қазақта «Құдай сақтанғанды, сақтайды» деген бір жақсы сөз бар!!! Жириновский сияқты жындыларды үрітіп отырған империя ештеңеден де тайынбайтын түрі бар екенін байқап отырмыз!
Советқазы Нұрсила
Facebook-тегі парақшасынан

 




Көрілген: 1728    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.09.2014, 16:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30