Сен тұр - мен айтайын!

Дүрдиген сыртымызға қарап, ішіміздің құлазып тұрғанын ешкім көрмейді

  • Дүрдиген сыртымызға қарап, ішіміздің құлазып тұрғанын ешкім көрмейді

    Дүрдиген сыртымызға қарап, ішіміздің құлазып тұрғанын ешкім көрмейді

"Синдром отличницы" деген бар, сол жаман. "Мен қашанда үздік болуым керек, қашанда менде бәрі жақсы болуы керек, жеңілмеуім керек" дейді ондай адамдар. Себебі іште бір ой "әлсіз қалпыңды көрсе, жұрт күледі", ешкімге көз жасыңды көрсетпе" деп, әбден билеп алған. Бірақ шын мәнінде ондай адамдардың ішінде бір әлсіз сәби жатады.

Кеше бәлен жыл бірге жүрген бір құрбымды жаңадан танығандай болдым. Бұрын ол ешқашан өзінің проблемасын айтпайтын, үнемі мықты болып, бізді сүйреп жүретін. Соған қарап біз оның мүлдем проблемасы жоқтай көріп, "оның өзіне көмек керек-ау" деп мүлдем ойламағанбыз ғой. Ал кеше ол өмірін, көрген қиындықтарын айтқан кезде, ол емес, мен жыладым. "Қалайша, біз өз қасымызда жүрген адамның осыншалықты қиналғанын көрмегенбіз? Неге қол ұшын созбағанбыз?" деп, өзімді кінәладым.

Негізі ешкім темірден жаралмаған, бәріміз ет пен сүйектен тұрамыз. Сондықтан қиналу бәрімізге тән. Ол - әлсіздіктің белгісі емес. Ал, қиналған адамға көмек керек. Ең құрығанда құшақтап, көз жасын құрғату үшін. Әсіресе, әйел адамға. Сондықтан, қыздар, әлсіздігімізді мойындап тұруымыз керек. Әйтпесе, дүрдиген сыртымызға қарап, ішіміздің құлазып тұрғанын ешкім көрмейді. Ешкім жұбатпайды. Оны қоя берші, ішке жасыра-жасыра өзіміз ауру боламыз... "Ал ауруын жасырған өледі..."

Шынымды айтайын, "темір құрбым" жан сырын ашқан соң, мен оны бұрынғыдан бетер жақсы көріп кеттім. Өйткені мен оның шынайы өзімен таныстым!!!


Mариям Абсаттар

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 491    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.10.2019, 11:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30