"Е, әнін сатқан әншіден, құранын сатқан молда артық" - дедім ішімнен

09 наурыз 2021, 09:49

Бүгін бір кісімен сұхбаттастым. Сол кісі:
- Өткенде бір жиында отырсақ, молда:
- Киркоров пен Алла Пугачеваны, Қайрат Нұртас пен Ерке Есмаханды фонограммен ән айтқаны үшін тойларыңа пәлен мың доллар беріп шақырасыңдар. Ал қатым-құран түсірген молдаға мың теңгені зорға бересіңдер, - деееп уағыз айтып отыр. Өзі кәрістің салоннан жаңа шыққан кроссоверін мініп алыпты - дейді күйініп.
"Е, әнін сатқан әншіден, құранын сатқан молда артық" - дедім ішімнен.
Мұғалім де болдық, газетчик те болдық, шопыр да болдық. Молдалық та бір көретін кәсіп екен деп түйсігімізге бір түйіп қойдық.

Ержан Тәліп

Фейсбуктегі парақшасынан