Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Егер айтқаныңыз өтірік, танғаныңыз жала болса онда ол өзіңізге айналып келіп тиеді

22 наурыз 2019, 15:40

Бір нәрсені білейікші.
«Ол қандай сөз айтпасын, оның жанында дайын тұрған бақылаушы бар»,-дейтін аят бар Құранда. («Каф» сүресі, 18-аят).
Яғни, ауыздан шыққан кез келген сөзді сол уақытта қырағы періштелер жазып алады. Оң иығыңызда отырған періште жақсы істеріңізді, ал сол жағыңызда отырған періште күнәларды жазады. Мұны теріске шығаруға, қаперге алмауға болмайды. Себебі, бір ауыз жақсы сөз сізді жәннаттың ең жоғары дәрежесіне шығара алады. Ал бір ауыз жаман сөз тозақтың ең қатты азабына түсіруі мүмкін.
Ғалымдар тілді тыюға берілетіннен артық сауап жоқ деген. Тіпті, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім Аллаға және Ақыретке сенсе, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін»,- деп өсиет айтқан. Орынсыз сөз, өз иесін табатыны анық. Өйткені сіз айтқан ғайбат, жала, т.б сөздер аспанға көтеріледі. Егер айтқаныңыз өтірік, танғаныңыз жала болса онда ол өзіңізге айналып келіп тиеді.
Сонда өзіңізді өзіңіз қарғағаныңыз ба? - бұл.
Жолым болмады, қиындықтар қоршап алды, не істеймін? Қайғыдан арылмай кеттім деп күйзелесіз. Сонда оған кінәлі кім....? Міне көрдіңіз бе? "Адамға естігенінің бәрін айта беру өтірікші болуға жетіп артылады",- деген ғалымдар.
PS: Негізсіз айыптудан сақтанған дұрыс ау.

Алтынбек Рахымберді
Фейсбуктегі парақшасынан