Сен тұр - мен айтайын!

Екі ай карантин қанша әйелге екі ай тозақ болғанын бір Алла біледі

  • Екі ай карантин қанша әйелге екі ай тозақ болғанын бір Алла біледі

    Екі ай карантин қанша әйелге екі ай тозақ болғанын бір Алла біледі

 Интернетті ашып қалсаң мынандай жаңалықтарды оқисың: "Күйеуі әйелі мен балаларын тірідей өртеп жіберіпті", "Әйелін қуып жүріп балталап тастаған", "Қыз туа бергені үшін соққыға жығылған келіншек ауруханада өлім аузында жатыр" және т.б. Карантинде тіпті отбасындағы зомбылық көбейіпті. Мамандар айтып жатыр. БҰҰ-ның өзі дабыл қақты. Екі ай карантин қанша әйелге екі ай тозақ болғанын бір Алла біледі. Ойлаудың өзі қорқынышты.

Қазақстан емес, құдды бір Ауғанстан сияқты. Кеше бір топта елімізде жыл сайын 400 әйел отбасындағы қол көтеруден көз жұматынын, ал мыңдаған әйел соққы алатынын келтіре отырып, сауалнама жүргіздім. Сонда 56 адам "отбасындағы зорлық-зомбылық үшін қатаң жазалау керек" десе, 11 адам "бұл әр отбасының өз шаруасы" деген нұсқаны таңдапты. Оған өз уәждерін де келтірген.

Шектен шыққан, жүріске салынған, беттен алған, көкбет әйелдерді жазалап қою керек деген жандар да болды. Біріншіден ол әйелді алған өзің, сенің таңдауың. Демек адам танымайсың деген сөз. Өз талғамың, таңдауың үшін әйелді ұруға бола ма? Жоқ әрине. Екіншіден әйелі еріне бағынбаса онда ол сенің әлсіздігің. Демек не қаржы таппайтын еркексің, не сөзің өтпейтін ынжықсың, не қоғамда яки жеке басыңда жетістігің аз, бар ашуыңды әйеліңнен алатын әлсізсің.
Тіпті осының бәрі де емес, тау көтерген Толағайдай қоғамның һәм отбасыңның мәселесін шешіп жүрген супер-пупер еркек болсаң да, әйелді ұруға рұқсатты кім берді? Конституция ма? Жоқ. Или өзіңе-өзің заң жазып алдың ба?

Қоғамда "әйелің көнбесе ұрып алу керек, сабап алу керек" деген діншілдердің былшылдары қаптап кетті. Ондай уағыз айтқандарды заңмен жазалау керек. Ол адамға агрессия жасауға шақырып отыр. Бұл қылмыс. Ал қылмыстың өтеуі қашанда жаза. Солай емес па? Солай.

Біз әйелдің мұрнын кесіп алатын Ауғанстанды, таспен ұрып өлтіретін Ирак пен Иранды, қара жамылдырып қоятын Саудия мен Пәкістанды, әйел зорлағыш Үндістанды, әйелді сүндеттейтін Африка елдерін айыптап жатамыз. Дамыған, адам құқығын мойындайтын ел болайық дейміз. Бірақ әрекетіміз өркениетті елдерге қарағанда, қатын сабағыш жабайы елдерге ұқсас. Сөз бен ісіміз қабыспай тұр.

Әйел - ол ең бірінші адам. Одан кейін барып ол жар, ана, дос, құрбы. Ал адамың құқығы нөмір бір болуы тиіс. Есі дұрыс қоғам, әйелін сабап жар етпейді, ұрып өлтірмейді. Ұнамайды ма, пікір қайшылығы бар ма, отбасыңда бақыт жоқ па, онда ашық сөйлес. Бірге саяхатқа бар, мәселенің шешімін үстел басында, өркениетті адам сияқты шеш. Қолдарыңнан келмесе, түсіністік қалыптастыру қиын болса, онда психологқа бар. Ол ұят емес, өйткені ол маман. Ал тіпті жағдай ушықса, онда заңмен шеш. Өзіңді де, өзгені де бақытсыз етпе. Миыңды сәл ХХІ ғасырға бейімде, отбасындағы кикілжің қатын сабаумен шешілмейді. Әйел жазалайтын жеке меншік затың емес, ал сен жазалаушы НКВД не Гестапо емессің. Соны ұқ.

Жалпы біздің заң бұл тұрғыдан ерлердің пайдасына жазылғандай сезіледі маған. Оған дәлел жылына 400 әйелдің бақытты боламын деп барған отбасында, бақытсыз болып, соққыдан өлуі. Ал кінәлі қылмыскерлер шынайы жазасын алмауы.

Менің 2 жастағы қызым бар. Ол 20 жылдан кейін тұрмысқа шығатын жасқа келеді. Сол уақытта мен заңның солқылдақ, ал қоғамда әлі де неандерталь түсінігіндегі жандардың болғанын қаламас едім.
Құдай-ау, әйел құқығы жайлы айтсаң біреулердің бір жеріне шоқ түскендей баж ете қалады. Сүкі, өркениетті елдер адам тұрмақ, аңның құқығын жақсы қорғайды.

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1053    Пікірлер: 0

жұма, 08.05.2020, 10:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31