Екі жағдай да мемлекет үшін трагедия
Біздің ең үлкен кемшілігіміз халықты билікшіл немесе билікке қарсы деген форматта ойлауға үйретіп, мемлекеттік мүдде тұрғысынан ойлай алатын деңгейге көтере алмауымыз. Бұл біздің 30 жылдағы идеология саласында жіберген орсан зор стратегиялық қателігіміз.
Билікшіл азаматтар жатпай-тұрмай мақтауға үйренді. Оппозиция бәрін түгел жамандауға үйренді. Мемлекеттік мүдде қалмады.
Мемлекеттік мүдде биліктен де, оппозиция мүддесінен де жоғары тұрады. Себебі, билік те, оппозиция да, екеуі де уақытша мемлекетті басқаруға келеді, кетеді. Ал, мемлекет мәңгілік. Мемлекеттің құндылығы да мәңгілік. 30 жылда осы деңгейде ойлауға халықты үйретуіміз қажет еді. Ол жоқ. Бұл біздің трагедиямыз.
Турасында билік те, оппозиция да мемлекеттік мүддеге қызмет етуі тиіс. Бұл аксиома. Себебі, мемлекет болмаса демократияңның, билігіңнің, оппозицияңның не керегі бар? Осы құндылық біздің қоғамға сіңбеді.
Мұны не білмей істеді. Не біле тұра істемеді. Екі жағдай да мемлекет үшін трагедия.