Сен тұр - мен айтайын!

Ел алдында жүргендердің тілі осындай болған соң, не дейсің?

  • Ел алдында жүргендердің тілі осындай болған соң, не дейсің?

    Ел алдында жүргендердің тілі осындай болған соң, не дейсің?

«Анау орыстілді чмоларды айтамын да, надоел бар ғой. Қазақ бола тұрып, қазақша сөйлемейді!» деп сайрап отыр бір кісі. Шын мәнісінде сол кісінің өзі қазақша сөйлеп отырған жоқ, себебі мен білетін қазақ тілінде «чмо», «надоел» деген сөздер жоқ.

Бәріңіз өздеріңізді көргендей күліп, қол шапалақтап отыратын Қабатовқа мен де езу тартамын, рас. Дәл біздің қоғамда идеологияның бір бұрышын көтеріп отырғанын да мойындаймын. Бірақ сол Қабатовқа қынжыламын кейде. Ол да шалақазақ тілінде сөйлейді. Оған несін ренжиін, көргенін сомдайтын «сайқымазақ» қана ғой.

Жақында көпшілік жарысып оқитын жазушының жаңа туындысын елдің соңынан болса да оқыдым. Иә, өтімді, өйткені өз қоғамын дәл берген. Бірақ ол да қазақ тілінде емес, шұбар тілде жазылған. Жаргон сөздері құрбақаның үстіндегі секпіліндей көзге ұрып тұр. ХХІ-дің әдеби тілі «айдаһар» тіл бола ма деп қорқамын. Айыр тіл айдаһарда ғана болады.

Ел алдында жүргендердің тілі осындай болған соң, не дейсің? «Қоғамның айнасымын» деп жүрген көшбасшыға, сөзге шешен сахнаның саңлағына, о, Құдай, тілдің шебері қаламгерге бай тіліміздегі сом сөздің жетпей қалғанына таңданасың. Сосын күрсінесің, бай тілімді жұпыны еткені үшін. Егер де дәл осы үшеуінің кейпіндегі әрбір адамда ана тіліне деген құрмет, ұлтына деген шын сүйіспеншілік, ау, ең құрығанда «қоғам менің аузыма қарап отыр ғой» деген титтей де жауапкершілік болғанда туған тілін тілшелемейтін еді, жұп-жұмыр, жұдырықтай етіп-ақ дөп тигізетін еді.

Ұлттың алда не кері кетуі – қай қоғамда да, қай заманда да көштің басында жүргендермен өлшенеді. Ал ұлттың бар байлығы – терең тілі емес пе еді. Егер ертең тарих «Ғабиттің ғажап тілі болған қазақ тілі - ХХІ-де азап тіл болды ғой» десе, көш басында жүргендердің «жемісі».


Айдана Шотбайқызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2105    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.01.2019, 11:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30