Сен тұр - мен айтайын!

Елді үркіте беруді қойып, неге бір тұшымды сараптама жасамасқа

  • Елді үркіте беруді қойып, неге бір тұшымды сараптама жасамасқа

    Елді үркіте беруді қойып, неге бір тұшымды сараптама жасамасқа

"Ойбай, осынша адам ұшырады, осыншасы өлді" деп аттанға айғай салып, елді үркіте беруді қойып, неге бір тұшымды сараптама жасамасқа?

Ондай ақпаратты ести-ести адамның тіпті өмір сүргісі келмей кетеді екен тіпті.

Шыны керек, сол қорыққандардың бірі өзім. Өйткені күні түні еститініміз сол.

 

Содан кеше жатар алдында орыстардың осы тақырыптағы бірнеше хабарларын көрдім. Мәссаған, түрлі сала мамандарын тізіп қойып, тіпті палатада жатқан ауру адаммен тікелей байланысқа шығып, оның жағдайын сұрап, қалай емделіп, қандай дәрі ішіп жатқанына дейін сұрады.

Қала берді лайнерде карантине жатып, күнделікті блог жүргізген адамдарын сөйлетті.

Былайша айтқанда, коронавирус дегеннің әліппесінен бастап, оның жеті ата-бабасына дейін түгендеп, жілігін шағып, майын ішкізген.

 

Содан кейін ғана көңілім орнына түсті. Себебі бізге оны бір СПИД немесе туберкулез сияқты төндіріп көрсетуде, ал шын мәнінде ол кәдімгі құс, шошқа тұмауы секілділердің аталасы екен. Тек асқындырып алсаң, өкпеде сары су жиналып, тыныс ала алмай, өліп кетуің мүмкін. Бірақ онда да егер бұрыннан созылмалы ауруыңыз болса не жасың келген адам болсаң, иммунитетіңіз әлсіз болса. Және бұған қоса өзіңізді осындай ақпараттардың легімен үрейлендіріп, әлсіретіп, былайша айтқанда "өлімге дайындап" қойсаңыз.

Әрине, бұл қамсыз жүр, сақтанба деген сөз емес, тек кіммен қалай күресу керегін білу үшін, біліміңді арттыр, оқы, ізден дегенім. Бұл бір.

 

Екіншіден, дәл қазіргі карантин көбімізге берілген бір мүмкіндік. Белгі. Яғни, бұған дейін дамылдауға уақыт таппай, үй бетін көрмей, баламызға, үй ішіне көңіл бөлмей кеткеніміз рас. Себебі тіршілік қамы, тоқтамайтын бір дөңгелекке мініп, домалап кетіп бара жатсақ, енді міне бір сәт дамыл табуға мұрсат берілді.

Карантин қамалу емес, бұл оқшаулану, өзіңмен өзің оңаша қалу. Осыған дейін істегендеріңе өзіңе есеп беріп, не үшін өмір сүріп жатқанымызды ойлануға, әрі қарай енді не істеу керектігін бағдарлауға берілген мүмкіндік.

Иә, біз ойлануымыз керек. Денсаулықтың, отбасының, осы бір Алла берген жарық дүниенің қадірін білуіміз керек. Ең басты құндылықтарымызды айқындап алуымыз шарт.

Бәлкім, Алла бізге осы үшін сынақ беріп, бір сілкіп алғысы келген шығар.

Не де болса сабыр және салқынқандылықпен іс қылайық! Және де өзімізге де, өзгеге де зиянымызды тигізбеуді ойлайық.

Ал қалғаны, Жаратқанның қолында. Туралап келген ажал болса қашып құтыла алмаймыз, ал ажалымыз келмесе, қырық жыл қырғын болса да, аман қаламыз! Жақсыдан күдер үзбейік!

 

P.S. Біздің көбіміз мұнымен қаңтар ақпан айларында ауырып қойған болуымыз да мүмкін, тек оны тұмау деп қабылдадық деген нұсқа да ақылға қонымды сияқты. Себебі биылғы тұмау сұмдық болды дейді. Симптомдары тура осындай. Мамандар да айтады кейбіреулер оны жеңіл өткереді, әсіресе балалар дейді...Ендеше, қарияларымызды сақтайық!

 

Mариям Абсаттар
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 666    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.03.2020, 15:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31