Сен тұр - мен айтайын!

Елде вирус анықталып, ресми түрде 11-16 наурыз аралығында жарияламақшы болып отыр ма?

  • Елде вирус анықталып, ресми түрде 11-16 наурыз аралығында жарияламақшы болып отыр ма?

    Елде вирус анықталып, ресми түрде 11-16 наурыз аралығында жарияламақшы болып отыр ма?

Еліміздің бас санитар дəрігері Жандарбек Бекшин 11-16 наурызда бізге коронавирусы келеді дегендей айтыпты. Сіздерді қайдам, маған оның бұл "сəуегейлігі" біртүрлі естілді. Құдды короновирус "бұйыртса, осы немесе келесі аптада сіздің елге де барып қалармын, күтіңдер" деп айтып қойғандай əсер қалдырады). "Наконец-то" дегенін айтсаңызшы. Ендеше, бəріміз вирусты құшақ жая қарсы алайық та). Бірде-бір елдің вирусқа қатысты мұндай "қызық" болжам жасап, "уақытын белгілегенін" естімеппін, күлейін бе, жылайын ба? Жұртты дүрлікпеңдер деп алады да дүрлігуді өздері бастап беретіні несі екен? Қазақ жамандық шақырмақ түгілі жаман кеселдің атын да атамаушы еді... Сонда бас санитар дəрігердің мұндай "мəлімдеме" жасауына не түрткі болды екен, əлде біздің елде де қытайдың вирусы анықталып, оны ресми түрде 11-16 наурыз аралығында жарияламақшы болып отыр ма? Түсінсем бұйырмасын...

Онсыз да аз халқымызды кесе-көлденең келген кеселден сақта, құдай!

Қымбат Тоқтамұрат
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1545    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.03.2020, 09:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30