Сен тұр - мен айтайын!

Елдегі діни мәселе тым ауыр...

  • Елдегі діни мәселе тым ауыр...

    Елдегі діни мәселе тым ауыр...

Өткен 1,5 жыл қашықтан оқу барысында байқалмаған бұл мәселе ушыққан.

 

Қаншама ата-ана осы киім үшін баласын оффлайн мектепке барып оқуына қарсы шығып, онлайн оқи беруді талап етіп отыр. Сылтаулары COVID-19, бірақ мәселеге үңілсең, басты себеп - хиджап...

 

Заң орындалуы үшін жасалады, бірақ Бiлiм заңы мен ҚР Бiлiм және ғылым министрлігі бұйрығына бағынғысы келмейтіндер тіпті көп. Мектептен намазхана ашу туралы өтініш жасап жатқандар да көп екен. Өкінішті!

 

Біз - зайырлы мемлекетпіз!

 

Мектептің білім заңында көрсетілген өзінің киім үлгісі бар, ол сақталуы керек! Мектепке оқушы ашық-шашық та киініп келмеуі керек. Оранып та келмеуі керек. Тіпті маскамен қосқанда хиджап емес паранжа боп кеткен...

 

Ал соңғы жылдары баласын киімі үшін мектептен медреселерге ауыстырып жатқан, жеке меншік мектептерге ауыстырып жатқан ата-аналар да көбейген.

 

Тіпті баласын жеке меншік мектепке тіркетіп қойып, ол жақта оқтайтын әсіре діншілдер де көп.

 

Ал жеке меншік мектептің ішінде не боп жатқанын не білім басқармасы, не білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету мекемесі тексере алмайды. Себебі шағын-орта бизнесті тексеруге президент мораторий жариялаған, оны тексеруге ешкімнің құзіреті жетпейді. Ертең ол мектептерден кім өсіп шығатыны күмәнді. Жеке мектепті таза діни бағытқа бұрып жатқандарды Ұлттық қауіпсіздік комитеті анықтап тосқауыл қоюы керек. Ал жеке меншік мектептердің тексеруге болмайтын мораторий күші жойылып, Бiлiм министрлігіне олармен айналысатын құзірет берілуі керек!

 

Әйтпесе.... ертең қиын болады...

 

Бұл - елдің ертеңі үшін алаңдайтын іс!

 

Қазір фейік діншілдер қаптауы мүмкін, қаптаңыздар!

 

Мен - мұсылманмын, бірақ әсіре діншілдікке қарсымын!

 

 

 

 

 Аятжан Ахметжанұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1748    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.09.2021, 22:31

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3
    14 Тамыз, 21:44
    Қызық, ә...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30