Сен тұр - мен айтайын!

Елге ақыл айтып ақша табатын бизнесі жоқ бизнесмендер көбейіп кетті

  • Елге ақыл айтып ақша табатын бизнесі жоқ бизнесмендер көбейіп кетті

    Елге ақыл айтып ақша табатын бизнесі жоқ бизнесмендер көбейіп кетті

Соңғы бір айдың ішінде кәсіп ашып, үлкен бизнесмен болып отырған 4-5 әйелмен кездестім. Солардың өміріне қарап отырсаң, біреуі бизнес тренинг пен семинарда болып көрмепті. Біреуінің өмірі тіпті қызық. Ол кісі басында көшеде арба сүйреп жүріп шәй мен ыстық бәліш сатыпты. Қыс қақап тұрғанда қалың киініп алып көшеде, жолдың жиегінде тұрған екен. Содан біраз ақша жинап алып асханасын ашқан. Одан кейін мейрамхана, наубайхана салыпты.Тағы бір әйел Қапшағайдан күйеуі екеуі қалаға темір-терсек тасып жүріпті де, екі жылдан кейін киім тігетін цех ашып алыпты. Олар да сөйтіп қара жұмыс істеп жүріп көтерілген. Бизнес ашқысы келетін адамда ең алдымен ішкі ұмтылыс, тиыннан теңге құрағысы келетін мақсат болуы керек екен. Ең бірінші істің көзін тап, сосын барып кіріс. Кейінгі кезде семинар, бизнес тренингтен көз ашпайтын болдық. Елге ақыл айтып ақша табатын бизнесі жоқ бизнесмендер көбейіп кетті. Бар ақшасын сонда салып, бизнесі жүрмей қалған соң өзіне қол жұмсағандар да бар екен. Одан да істің көзін тауып, сол ақшаға тәуекелдеп өз бетіңнен бизнес ашып көрші, сол саған семинар да, бизнес тренинг те, өмірлік сабақ та болады!


Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 405    Пікірлер: 0

жұма, 31.01.2020, 09:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30