Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Елмен адам сияқты сөйлесе қалсаң бәрі пәтер алу жолында күресіп жүргендей

04 ақпан 2021, 10:13

*Төмен ақыл иелері адамдардың өмірін талқылайды
*Орта ақыл иелері болып жатқан құбылыстарды талқылайды
*Ұлы ақыл иелері идеяларды талқылайды...
© Элеонора Рузвельт


Біздің қоғам нені талқылауда? Қазақ қазір не ойлап жүр? Дәл қазір төсек пен өсек басты тақырып. "Астарлы ақиқат" сынды арзан шоулардың арсыз көрсетіліміне Қазекем жанып түсуде. Осында ұлттық құндылықтар, ұлттық қауіпсіздік, елдік мүдде туралы пост жазсаң ешкім мән бермейді. Жалынып жүріп пікір жаздыра алмайсың. Сананы ақша, байлық, билік, шоу билеп алған. Бір жерде тегін қуырдақ таратып жатыр, тегін кілем таратып жатыр десең бәрі жапа-тармағай шауып барады. Тегін десе бірін-бірі таптап өлтіруге бар. Жағаңды ұстайсың. Әріптестер ренжімесін, мұғалімдердің де ең көп талқылайтын мәселесі жалақы өсімі мен зейнетақы жасы. Зейнетке шыға алмай жүргендер зейнет жасын түсірсін десе, зейнетке жақындағандар мектептен шыққысы келмейді. Елмен адам сияқты сөйлесе қалсаң бәрі пәтер алу жолында күресіп жүргендей. Бірі үй алсам десе, бірі екіншісін алсам дейді, екеуін алғандар тағы да 3-4 үй алсам деп жүр. Дәніккеннен құныққан жаман деген осы екен-ау. Кейде бұл қоғамнан ақыл берер, идея айтар жан іздейсін. Осы бір кісі оқыған, көзі ашық, бір ақыл береді-ау деп сөзін тыңдасаң, бәлен дұғаны оқысаң жолың ашылады деп дінге сілтеп отырады) Діндегілер идеядан нөл. Олар тек ақиретті айтудан әрі аспайды.
Қазақ қоғамы қашан идеяларды талқылайды? Қашан ғарышты игеру, марсқа жол салу, күннен қуат алу басты тақырыпқа айналады? Қашан біз өнер-білімді игеріп, аспан асып, көкті шарлаймыз? Өй, қойнаталар кілең...

Мен Қазақтың Баласы (Айбар Абайұлы)

Фейсбуктегі парақшасынан