Сен тұр - мен айтайын!

Еліміз дамыған елу елдің қатарына енсе де, көшпенділігіміз қалған жоқ

  • Еліміз дамыған елу елдің қатарына енсе де, көшпенділігіміз қалған жоқ

    Еліміз дамыған елу елдің қатарына енсе де, көшпенділігіміз қалған жоқ

ҚАШАН ҮЙЛІ БОЛАМЫЗ?

 

Біз қазақ ежелден көшпелі халықпыз. Еліміз дамыған елу елдің қатарына енсе де, рухани жаңғырып жатсақ та көшпенділігіміз қалған жоқ. Ұланғайыр жеріміз болса да, ұлтарақтай жеріміз жоқ. Жеріміз болса құрқылдайдың ұясындай етіп болса да үй салып алар едік қой.

 

Пәтерден пәтерге көшу шамыңа тиеді, шаршатады, онысынан бұрын, біреудің есігінің алдындағы лашығында пәтер жалдап тұру қиынның қиыны. Еркіндігіңнен айырылғандайсың. Арқаңды кеңге жая алмайсың, қатты сөйлей алмайсың, күлуге де болмайды, қонақ шақыра алмайсың, демографияны көтеруге де болмайды хозайн ұрысады. Қуып шығуы мүмкін. Сыртқа шығып тұруға тиісті дүниелердің бәрін қыстығып ішке жұтасың. Жарылғың келеді. Жарылуға болмайды. Хозаин ұрысады. Осындайда шіркін-ай өз үйім болсашы деп армандап кетесің. Қазіргі баспанасыз халықтың басым көпшілігінің арманы пәтерлі болу. Ол арманға жете алмай иті жоқ ауылға аттанып кеткендері қаншама?

 

"Нұр Отан" партиясының қоғамдық қабылдау өткізіп тұрады. Келген азаматтардың басым көпшілігі пәтер сұрап келеді. "Нұр Отан" пәтер бермейді ғой. Олар отырып алып бағыт бағдар береді. "Үй кезегіне тұрыңыз"~ деп ақыл айтады. Фундаменті құйылмаған үйге келгендердің барлығын кезекке тұрғызып қойды .

 

Ол да дұрыс шығар. Олар да қолдан келгенше жәрдемін беріп жатыр. . БІрақ, салынғалы тұрған жоспардағы үйлердің санынан, кезекке тұрғандардың саны он есе көп. Демек, мемлекет тарапынан үйлі болу үшін сабыр сақтап асықпай он жылдай күту керек. Он жылда кім бар кім жоқ деші?

 

Қашан үйлі боламыз?

 

Бәлки 30-ға келгенше кепедей болса да үй салып ала алмаған өзімнен де бар шығар.

 

Әй білмеймін(

 

Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1038    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.05.2020, 14:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30