Сен тұр - мен айтайын!

Елімізде кешенді түрдегі экономикалық реформа қажет

  • Елімізде кешенді түрдегі экономикалық реформа қажет

    Елімізде кешенді түрдегі экономикалық реформа қажет

Елімізде кешенді түрдегі экономикалық реформа қажет.
Бүгінгі модель заманауи қажеттіліктерді қанағаттандыра алмайды.
Елімізде мұнай, басқа шикізаттарсыз өмір сүруге қабілетті экономикалық жүйе қажет.
"Голланд ауруын" біз жеңбесек, ол ауру бізді жеңеді.

Менің ойымша, бұл мәселені халық болып, өзіміз талқылауымыз керек.
Ұсыныстар мен ойымызбен бөлісіп отыру маңызды тәрізді.
Қазірде, біздің экономикалық жүйені келесі бағыттар бойынша ұштау маңызды.
1) Жеңіл өнеркәсіпті дамыту. Біз ішкі киім мен аяқ киімге дейін шеттен тасимыз. Бұл тауарлар үшін 1- млрд доллар сыртқа шығады екен. Ішкі нарықты дамытуға қабілетті қыруар қаржы басқа мемлекеттің экономикасын дамытуға жұмыс істеп жатыр.
1.1) "Кіші заттар" ( сіріңке, ине, қайшы, жіп т.б.) өзімізде шығаруға қол жеткізу. ( бәрі шеттен келеді) ҰЯТ ЖАҒДАЙ.
2) Өнеркәсіпті дамытудың алғышарты Ғылыми зерттеу және тәжірибе - конструкторлық қызметті жолға қою.
Ірі бизнесті осы салаға қаржы құюға ынталандыру. Бұл үшін Президент жанынан Ғылыми-Техникалық Кеңес құру өзекті. Сол құрылымда осы саланы дамытудың бағдарламасы іс-жүзіне асуы керек.
3) Ауыл шаруашылығын әртараптандыру. Халыққа а/ш айналысуға кең жол ашу. (Аламын деушілерге жер телімдерін беру)
4) Квази - мемлекеттік саланы шұғыл қысқарту. Самрұқ-Қазынаның тиімсіз құрылымдарын жекеге беріп, тиімділігін арттыру.
5) Ешқандай қажеті жоқ қаржылық орталықтарды бюджеттен қаржыландыруды доғару. Астана қаржы орталығын тарату.
6) Халыққа мемлекеттің игілігіне қол жеткізуге талпыну. Еліміз меншік иелері мен акционерлердің Елі болуы керек.
7) Мұнай саласын либерализация жасау. Жеке меншік (ұсақ) мұнай өңдеу зауыттарын салуға рұқсат беру.
Құрметті достар!
Тағы қандай ұсыныстар болады?
Бірге талқылайық!!!

Erlan Sairov
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 766    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.05.2020, 10:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30