Елімізде "Пара алулы үйрететін" қандай оқу орындары бар?
Білсеңіздер айтып жіберіңіздерші.
Елімізде "Пара алулы үйрететін " қандай оқу орындары бар?
Былай қарап отырсам, жаман кәсіп емес секілді.
Аласың, қалтаңа саласың. Күштіііі иә .
Алған адам емес, берген адам ақымақ.
Заң бар, басқа бар, есі дұрыс адам сұрады екен деп бере береді ме?
Сауатсыз болса сол!
Жем болып жүре берсін.
Әй бірақ, сауаттысының да оңып тұрғаны шамалы.
Өңшең пәдәрит еткіш.
Жә мұрнымның астында болып жатқан жағдайларға қарап айтып жатқаным ғой!
Берерін жырбыңдап беріп алып, "Оңбағандар ақша алды" - деп жылайтын өздеріне обал жоқ. Екеуін де аямай жазалау керек.
Еліміз парақорлықпен күресуіндей-ақ күресіп жатыр.
Күрескенде қалай? Аяқ астынан келіп, ұстап алу немесе, алыстан бақылап жүріп, шап беру жоқ.
Алдын ала хабарласып "Ойвай біз парақорлықпен күресейін деп жатырмыз, сағат 3-те сендерді барып тексерміз" деп құлақтандырады . Әлгілер тексеріс кеткенше періштенің кейпіне енеді.
Бітті!
Өзгерген аку де жоқ. Пара алу жалғаса береді.
Мен білетін парақорлардың біразы қоңды, жағдайлы, ішкен алдында, ішпегені артында .
"Білсең неге ұстап бермейсің" - дейтін шығарсыздар. Олар ұстатпайды. Беретін - халық, артын ашатын да - халық. Подаркасын бермесе, бүгін ертең бітетін тірлікті сағызша созып жүріп алатын әлгі
жарты құдайлар Құдайдан да, заңнан да қорықпайды.
Бәлки тіреуі бар.
Көп созып қайтейін!?
Негізі "Пара алу" үйренетін кәсіп екен.
Аласың, қалтаға саласың! Ұсталып қалсаң, ұстап алған адамның да көңілін табуға болады.
Мәселе шешілді.
Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан