Сен тұр - мен айтайын!

Еліміздің территориялық дамуының кешенді әдісі дегеніміз осы

  • Еліміздің территориялық дамуының кешенді әдісі дегеніміз осы

    Еліміздің территориялық дамуының кешенді әдісі дегеніміз осы

Елімізде жағымды жаңалықтар баршылық. Алыста жатқан ауылдың көркейіп-көгеріп келе жатқандығын естігенде жүрегің бір елжіреп қалары сөзсіз.
Желіде Шығыс Қазақстан облысының шекаралық аймақтарын ашу-ашпау жөнінде пікір таластың жүріп жатқандығы белгілі. Бұл пікірталасты біз жоғары мәдени дәрежеде, ешкімнің ар-ожданына нұсқан келтірмей, тек қана, қозғалған мәселенің айналасында ғана жүргізіп отыруға тырысып келеміз.
Жаңа саяси мәдениетті қалыптастыру (біздің)өзіміздің қолымызда. Желіде осынау мәселе бойынша өзінің позициясын білдіріп отырған азаматтарға алғысымды білдіргім келеді.
Сонымен бірге, бізге қарсы уәж айтып жүрген азаматтарға да біздің ренішіміз жоқ. Елімізде пікірлер плюрализмі мен көзқарастар әр-алуандылығын қалыптастыру өзіміздің қолымызда. Сондықтан қарсы позициясы бар азаматтармен біз келіспейміз, бірақ, пікірін сыйлаймыз.

Енді, еліміздегі шекаралық аймақ ретінде 2018 жылы бұрынғы Нарынқол ауданының орнына, аудан орталығы Ныранқол болып, Райымбек ауданы ашылған болатын.
Мен осы Райымбек ауданының тағдыры не болып жатыр екен, қандай өзгерістер бар екен деген оймен, сол жақтың жігіттерімен хабарласып, біраз ақпарат жинадым.
Енді сол жақтан келген хабар-ошарға құлақ асайық.
(Еститін құлақ болса)
Райымбек ауданында (Нарынқол) бір жылдың ішінде келесі жұмыстар жүргізілуде.
1.Шоғансай деген жерде 200 млн теңгеге туристік кешен құрылысы салынуда.
2. 50 млн теңгеге мал бордақылау алаңы салынған. Істеп тұр.
3. Қарасаз ауылының "Расылбай" шаруа қожалығы 130 млн теңгеге мал бордақылау орталығын салынған. 1700 бас асыл тұқымды ірі қара малы әкелінді.
4.Талас ауылында 25 млн теңгеге спорт кешені.
5.Шәлкөде ауылында 30 млн теңгеге спорт кешені.
6.Қарасаз ауылында 40 млн теңгеге спорт кешені салынған.
7. Сарыжаз ауылында 46 млн теңгеге тойхана.
8.Қайнар ауылында 44 млн теңгеге тойхана салынған.
9. Тегістік ауыныда 40 млн теңгеге тойхана.
10.Қақпақ ауыныда 30 млн теңгеге тойхана салынған.
Бұл адамдардың өміріне қан жүгірді деген сөз.
11. Ауданға 2500 асыл тұқымды ірі қара әкелінген.
12. Аудан орталығында 5-асхана ашылған.
13. Аудан шаруашылықтары 83 бірлік жаңа ауылшаруашылық техникасын сатып алған.
14. 22 дана жаңа техника сатып алынған.
15.Голландия мемлекетінен 236 тонна жоғары репродукциялы картоп тұқымы сатып әкелінген.
16. 2 млрд теңгеге қарақат, таңқурай плантациялары отырғызылған.
Бір жылдың ішінде ауданға бұл тіршіліктен басқа 2.8 млрд теңге инвестиция келген.
Бұл тек жекеменшік иелері, азаматтардың ғана атқарған шаруалары!
2060 адам ауданға қайтадан көшіп келген. "Көшіп келемін деген жастарға үй таба алмай" қиналып отырмыз дейді аудан әкімшілігі өкілдері. Бұл жағынан облыс басшылығы (кейбіреулер тәрізді) қыңыр мінез көрсетпей үй салуға көмек жасап жатыр.
Еліміздің территориялық дамуының кешенді әдісі дегеніміз осы. Бұл іс- тәжірибені басқа облыстардың әкімшіліктеріне таратса, өте дұрыс болар еді...
Құрметті достар!
Осы ақпаратты желіде таратуға көмек жасасаңыздар. Барша халық шекаралық аймақтарды дұрыс, ақылмен дамытуға болатындығын көрсін.

Erlan Sairov
Фейсбуктегі парақшасынан

 

 




Көрілген: 343    Пікірлер: 0

жұма, 17.01.2020, 13:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 09:57
    Сүю деген не өзі?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29