Сен тұр - мен айтайын!

Ең алдымен өзіңізге деген құрметіңіз, мәдениет те осыдан басталады...

  • Ең алдымен өзіңізге деген құрметіңіз, мәдениет те осыдан басталады...

    Ең алдымен өзіңізге деген құрметіңіз, мәдениет те осыдан басталады...

Оқу жылы басталып, тапжылмай үйде отырмыз ал). Онлайн деген жақсы болды, Қазақстанның қай түпкірінде жүрсең де сабақта отырасың, рахат. Өткенде елдің соңын ала зуумға қосылған кішкене қызымның бір сыныптасы: "Апааай, Қызылордадан сәлееем" деп қояды.
Бірақ халқым, бәрібір онлайн ғой деп балаларыңызды майкамен, басқамен сабаққа отырғыза салғанды қойыңыздаршы))). Шашы таралмаса да монитордан көрініп тұратынын ұмытпағайсыздар).
Жақында ата-аналардың онлайн жиналысы боларда өз басым пәтерімді айнала дұрыс фон іздегенім былай тұрсын, жан-жағым ыбырсып жатқан жоқ па, өзім қалай отырмын, киімім, шашым дұрыс па деп өзімнен-өзім әбігерге түстім де қалдым. Қиын екен негізі)).
Менің кіші қызымның апайы ақылды өзі, оқушылардың сабақта қалай болса солай отырғанын көрді де ертеңінде: "балалар мектептегідей ақ жейдемен отыратын болсын" деген бұйрық шығарып тастады. Біркелкі ақ жейде киген оқушылар монитордан да әдемі көрінеді екен ғой. Сондықтан онлайн сабақта, жиында тап-тұйнақтай отыруға дағдыланыңыз, балаңызға да үйретіңіз өйткені бұл - ең алдымен өзіңізге деген құрметіңіз, мәдениет те осыдан басталады... деп қояйын да.

 

Қымбат Тоқтамұрат
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 938    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.09.2020, 09:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қазан, 02:26
    Бір түрлі елміз иа?
    20 Қазан, 10:36
    Әйел - әззәзіл ғой...
    30 Қыркүйек, 12:55
    Оздық па, тоздық па?!.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31