Ең бастысы- бір жыл өтсе де, “кінәлі кім” деген сұраққа жауап жоқ.
Ұшақ апатына бір жыл
Бүгін Bek Air компаниясының Fokker 100 ұшағының апатқа ұшыраған күні. Тура бір жыл бұрын осы күні қаза тапқандардың жақындары аңырап, Алматы жұрты азан-қазан болып жатқан еді.
Жоғарғы фотодағы кісі 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесінің өзінен де, марқұм болғандардың отбасы мүшелерінен де кешірім сұрамаған. Дәті мықты екен.
Біз Рүстем Қайдаровтың келінімен, Талғат Теменовтің баласымен және журналист Дана Круглованың досымен сұқбаттастық. Жан жарасы да, тән жарасы да жазылған жоқ.
Ең бастысы- бір жыл өтсе де, кінәлі кім деген сұраққа жауап жоқ.