Ең бастысы, сендер қазақ емессіңдер!

31 қазан 2018, 21:38

Рухты жоққа шығарушы жігіттерге жауап.

Жігіттер, бір сұрағыма жауап беріңдерші. Әулие мен жай адамның арасында қандай айырмашылық бар? Егерде осы сұраққа жауап тапсаңдар, бар мәселе өздігінен шешіледі.

Әулие - Ол Жаратушы Құдіреттің досы. Ол Алланың қасынан орын алған - пәк рухтың иесі. Ал, сен кімсің? Рух әлемімен байланысың бар ма? Рух әлемімен байланыс түгіл, рухтың өзін мойындамайсың. Сәйтіп отырып, Алламен тікелей байланысқа шыққың келеді.

Мен Құранды ақтарып отырып, бір жерде рух Аллаға серік болады дегенді көрмеппін. Рух, әруақ Аллаға серік қосу дегенді шығарған адамның рухани болмысын мойындамайтын, өздерін малмен тең санайтын адамдар. Олардың аты - Ибн Таймийа мен оның шәкірттері, Абд ал-Уаххаб Нежди мен оның соңына ергендер.

Бұл рухты жоққа шығару қазіргі күні бүкіл Ислам әлемін өзара қырқыстырудың құралына айналып отыр. Оларды кімдердің өз мүддесіне пайдаланып отырғанын мен айтпасам да, жақсы білесіңдер. Солардың жетегінде кетіп қазақиың рухани болмысын жоққа шығарудасыңдар.

Ең бастысы, енді сендер қазақ емессіңдер!

Зікірия Жандарбек
Фейсбуктегі парақшасынан