Сен тұр - мен айтайын!

Еңбектену әдеттке айналғанда адам шын мәнінде бақытты бола бастайды

  • Еңбектену әдеттке айналғанда адам шын мәнінде бақытты бола бастайды

    Еңбектену әдеттке айналғанда адам шын мәнінде бақытты бола бастайды

Еңбектену әдеттке айналғанда адам шын мәнінде бақытты бола бастайды.

Әкей марқұм жұмыссыз 5 минут отыра алмайтын адам еді. Бізге, яғни балаларына нағашы жағымыздан келген әңгімеге, көпсөздікке құмарлық қаннан берілген еді. Дастарханда, болсын, басқа жерде болсын қысыр әңгіме айта бастағанда көп жағдайда ұрсып, тиып тастайтын еді марқұм.

Таңның бозынан тұратын әдетін бір күн де үзген емес. Жасым келе мен де, әкемді жиі еске алып, істеген істерінен, айтқан сөздерінен ғибрат алып іске асыра бастадым. 365 күн бойы таңғы 05:00-де тұруды әдетке айналдырдым. Кітап оқимын, керекті документалды, тарихи кино көремін, миым шаршай бастаса дене қимылымен айналысамын да қайта ой еңбегіне көшемін.

Жақында Билл Гейтс жайлы 3 cериялы фильмді көріп керемет әсерлендім. Міне нағыз еңбекқор адам деп сол кісіні айтса болады екен. Еңбекқор ғана емес, қандай қарапайым және мәдениетті адам. Ақшасын түгелге жуық қайырымдылыққа жұмсап, Африкада қанша миллиондаған балаларды малярия ауруынын құтқарып қалған адамға қазір қаншама кір жағылып жатыр. Ол қыңқ етпей, ары қарай қайырымдылықпен айналысуда.

Бір аралға барып жатып алып, рахаттанып өмір сүрсе де 1000 жылға жететін ақшасы бар ғой. Бірақ ол күніне 16 cағат еңбектенеді екен...

ӨМІРДІҢ МӘНІ ЕҢБЕКТЕ!
Сіз күніне қанша сағат еңбектенесіз? Қанша сағатыңыз бос кетеді?

Ахметбек Нұрсила
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 658    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.05.2020, 13:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31