Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Енді ашылған артымызды тұмшалау үшін бәріңіз ту оранып кетіпсіздер

25 қазан 2020, 16:18

Бізде тұтас мемлекет деген ұғым жоқ қой. Бізде ру деген ғана түсінік бар. Қазір бір руға тіліңіз тисінші, шауып келіп шаптығып, басыңды кесіп кетуге бар. Өтірік емес қой.

Қанша жерден талантты болсаң да жұмыс берушінің руласы болмасаң, жұмысқа алмайды.

Бізде команда деген нәрсе бар. Соның "командаласы" болуың керек. Әйтпесе, журналистиканың исі мұрнына бармайтын редакторсымақтар газет басқарып отыр. Неше жыл журналистиканың майын ішкендер соған қызмет етіп отыр.

Сөйтіп отырып, Боратқа несіне ренжиміз. Борат артымызды ашып беріп еді, шамбайымызға шым етіп тиіп, бәріміз секіріп кеттік, ә. Шындық қашанда ащы ғой.

Енді ашылған артымызды тұмшалау үшін бәріңіз ту оранып кетіпсіздер.

Шаршамадыңыздар ма? Мен шаршадым. "Шетелге кетем" дейтіндерге ренжімейтінім сол.

Бірдеңе болса, билікке ренжисіздер бәріңіз. Билікте жүрмей-ақ қолдарыңыз жарты билікке жетсе, кісі танымай кердеңдеп кететіндеріңіз өтірік емес қой.


Гүлжан Амангелдіқызы
Фейсбуктегі парақшасынан