Сен тұр - мен айтайын!

Енді айтыңдаршы, ұлт жаман ба адамның пейілі жаман ба?

  • Енді айтыңдаршы, ұлт жаман ба адамның пейілі жаман ба?

    Енді айтыңдаршы, ұлт жаман ба адамның пейілі жаман ба?

 Мен Шиелі деген ауданда өстім, 80-90 жылдары онда көп ұлт өкілдері тұратын. Әсіресе кәрістер. Олар өте еңбекқор болатын. Егін егіп, жерді өңдеп, қазақтар істемеген ауыр жұмыстың бәрін істеп жүретін. Біз тұратын көп қабатты үйде әртүрлі ұлт өкілдері тұратын, этаж үйге қарама қарсы бетте жер тамдарда шошқа асыраған тетя Любамен, қоралас шешен азаматтары Хазуевтар/Асабаевтар тұратын. Көп орыс, неміс, кәріс, украин, бар еді сол аулада, бәріміз бір бірімізбен өте жақсы қарым қатынаста туған бауырдай араласып өстік.
Орысша сөйлесеміз, қазақша сөйлесеміз, әйтеуір тіл табысамыз. Тойымыз да, қайғымызда ортақ еді.

Біз кіші жүз еліненбіз, руымыз Әлім, Асан, Алшынбай.
Ол кезде Шиеліде кіші жүздер өте аз болатын. Өздерінше община(диаспора) секілді қарым қатынас жасайды, той томалақта, қазада бас қосқаны болмаса бөлектеніп Шиеліні кіші жүздің жері етеміз деп талпынған да, ойлаған да емес, бірақ біз үнемі жергілікті тұрғындардан қысым сезетінбіз. Тіпті: "Кіші жүзден болған басшыларды жаппай репрессияға ұшыратқан" жылдар да болған. Менің әкем 11 жыл аудандық емхананы басқарды, репрессияға ол да ұшырады. Үлкен жер там , әкемнің қолында 90 жастағы кемпір мен шалды (әжеміз бен атамыз) жер үйде емін еркін өмір сүрсін деген ниетпен там соғуды бастады. Сонда да жергілікті тұрғындар "Мына ақұдайға не жоқ, осы ақудайлар не жеп пысық болады"- деп әңгіме қылды.

Әкеміз сөзге еш ермеді. Өз жұмысын адал атқарып, талай Ақтөбе мен мына тұрған Қызылордаға да көшіре алмадық. Өйткені ол былай дейтін: - Менің өнген жерім Шиелі, әкем мен шешемді осы жерде жерледім, мені де осы жерде жерлеңдер. Менің отаным осы жер- деп.

Әкем қайтқанда, бүкіл ел болып шығарып салды, адам қарасы сұмдық болды. Аудан әкімі Н. Нәлібаевтан бастап кәдімгі емхана қарауылына дейін келіп қайғымызға ортақтасты.

Сонда деймін да, өзге ұлт емес, өз қазағымыз, шиелінің біршама адамы бізге талай опасыздық жасағанымен, әкеміз және одан өрбіген біздер бүкіл Шиеліні жек көріп кетпедік қой. Әлі күнге дейін жүрегіміз Шиелі деп соғады. Өйткені бір опасыз адамның кесірінен бүкіл елге өкпелеу ақымақтық деп үйреткен бізді.

Ал ұлттарға оралар болсам, шешен мен орыс қабылғалас болды дедім ғой, бірі шошқа ұстаса, бірі сиыр ұстайтын. Біз солардан сүт сатып алатынбыз, ал орыстан балық сатып алатынбыз. Әкем жер өңдеп егін екпекші болып еді, одан түк шықпады. Қолынан егін егу келмеді. Сондықтан картоп пен сәбізді көрші кәріс дядя Юрадан алатынбыз.

Кейде үйде ешкім болмай қалса тетя Оляның үйіне барып Катя деген қызбен ойнайтынбыз. Болмаса шешен үйдің баласы Арби Арби мен ойнаймыз.
Шошқа лас жануар екенін білеміз, ал шешендер өте таза халық, мұсылман. Бірақ бір бірімен бір дауласқанын көрмеппіз.

Енді өзіме келсем, мен бастауыш мектепті 6 сыныпқа дейін орыс мектебінде оқыдым. Бір сыныпта түрлі ұлт өкілері оқыдық. Бір де кәріс Лариса деген қыз менің сыныптасым әрі көршім Гүлназ деген қызға "чукча грязная" деп балағаттап отырғанын көрдім. Ол кезде 4 сыныпта оқимын. Мен апайға айтып бердім, апай ол қызды тәртіпке шақырғандай болып сынып жиналысын өткізді, татулыққа шақырды. Апайым орыс тұғын. Бірақ Ларисаның қоқан лоқысы тиылмады, енді ол Гүлназды қойып менің соңыма түсті, қасына неміс қызы Оля мен украин қызы Оксананы қасына серік қылып алды. Содан менің шыдамым таусылған кезінде әрқайсысын жеке жеке шақырып алып шаштарын жұлып қолына ұстатқанмын, қасымда менің құрбым Светлана Кребс неміс қызы бар еді. Енді гәрі мені немесе басқа қыздарды қорлайтын болсаңдар айтпады демеңдер деп және ескерттім ана үш қызға.
Конфликт сонымен тәмәм болды, бәріміз одан соң тату тәтті, қайта мықты подружка болып кеттік. Сонда біз ұлт болып жанжалдасқан жоқпыз, біз адами пейілдік қарсыласу деп білдік оны. Қазір ғой мен ұлтқа бөліп жазып отқаным түсінікті болсын деп.
Света Крепс қазір Германияда тұрады, Арби Кавказда Грозныйда тұрады, Оля Петербургта, Лариса осы Қызылорда облысында, Оксана Ставропольда тұрады.

6 сыныпта әкем мен шешем мені қазақ мектебіне ауыстырады.
Қазақ тілін біліп өссін деген оймен.

Сондағы, бірінші жылдары менің қазақ мектебінде көрген қорлығым мен азабымды айту мүмкін емес. Мені: "Орыс орыс оңбаған, он шошқаға тоймаған" деп екінің бірі мазақ ететін. Орыс мектебінен қазақ мектебіне ауысып келгендердің ең алғашқысы мен едім. Көп таяқ жедім, көп төбелестім, есемді қайтармайтын қызуқандылығым бар оған қоса, шиеліліктер айтпақшы "АҚҰДАЙСКИЙ" сен тұр, мен атайын"" деген мінезім де баршылық. Бірақ намысқа тырысып бақтым, қазақ тілі мен әдебиеті сабағынан бестік баға алатын болдым.Олимпиада мен мәнерлеп оқу сайыстарынан жүлде алатынмын.Қазақ тілінде өлең, мақала жазып,өзімнің нағыз Қазақ екенімді дәлелдеп шықтым. Жұдырықпен емес, біліммен, ізденіспен, өз қазағымның ортасында жем болмау үшін...
Қазір сол сыныптастар мен мектепте бірге оқығандармен туған бауырыңдай араласамыз. Битке өкпелеп тоныңды ала қашпа деп ата бабаларымыз айтқан дейді. Солай дұрыс шығар. Өйткені мен сол кезде:"Бүйткен қазақ тілі мен қазақтары құрсын" деп кетсем, меннен өрбіген ұл қыздарым дүбәрә болар еді.

Енді айтыңдаршы, ұлт жаман ба адамның пейілі жаман ба???

Қазақты құртатын қазақтың өзі. Ең бастысы өр көкіректік пен жалған патриотизм, көреалмаушылық, өзімізді өзіміз күндеп, жүнжітіп жіберуге даярмыз да, кінәні басқадан іздеп әлекпіз...

Абай атамызды қынжылтқаны да осы еді ғой, бауырлар...

www.facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1530    Пікірлер: 0

жексенбі, 09.02.2020, 13:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30