Енді аздап еврей болайықшы...
Құдай берген қабілетіміздің арқасында біз кім болмадық? Тіпті, Қазақстандағы шағын ауылда қандай ұлт өкілі басым тұрса - олар қазақша емес, сол ауылдың қазақтары сол тілде еркін сөйлейді. Өз басым әзірбайжанмен аралас тұрып, әзірбайжанша, күрдтпен араласып күрдше, шешенмен араласып шешенше сайрайтын талай кісіні танимын. Енді аздап еврей болайықшы! Өйткені...Израиль тұрғындарының 70-80 пайызы бұрынғы СССР-дан барған "орыстілділер". Бірақ аз уақытта олар ана тілін толық меңгеріп алған. Егер, Сіздің Израильге жолыңыз түсе қалса - орыстілді еврейден орысша мекен-жай, әлдебір ғимараттың қайда екенін сұрауыңыз мүмкін. Сол жердегі 20 еврейдің 19-ы орыстілді, ал біреуі ғана орысша білмейтін болса, басқа 19-ы әлгі орысша білмейтін еврейден "мынаған өзге тілде жауап берсем бола ма?" деп рұқсат сұрайды екен. Ол адам рұқсат берсе - жауап аласың, рұқсат етпесе - іздеген нәрсеңді бірдеңе қып өзің табасың. Неткен ауызбіршілік десеңші! Бұл туралы "Болашақ" бағдарламасымен Израильде оқып қайтқан Тараздық кардиохирург Әуез Жәкелов тамсана айтты. Тіпті, орыстілді ебекеңдер біліп тұрса да әлгіндей себептермен не орысша, не ағылшынша сөйлемейді екен. Иврит білмегеннен қатты қиналыпты.
Тоқтар Жақаш
Facebook-тегі парақшасынан
Жұлдыз
Радиосы