Сен тұр - мен айтайын!

Енді білімге мінәжәт ету керек

  • Енді білімге мінәжәт ету керек

    Енді білімге мінәжәт ету керек

Ес білгелі айт күндері ауылдағы мешітке намазға бару қызық еді..
Кейін қалаға кеткен соң да, мүмкіндік болғанда ауылдағы айт намазына қатысушы едім.
Намаздан соң ауыл мазаратына барып, қайтқан кісілердің әруағына дұға бағышталып, артынан айт мен айттың ортасында адамы қайтқан үйлерге кіріп, дұға бағыштайды.
Пандемиясы құрғыр сол тәртіпке өзгеріс енгізді..

Бүгін де ауылға бардық - қара шаңыраққа кіріп шықтық. Одан соң мазаратқа бардық.
Ораза айтында да барғам ғой..
Алақандай ауылда 70 күнде әдеттегіден көбірек адам қайтқанының белгісіндей боп жатқан топырағы отыра қоймаған жас молалар көңілді құлазытады..
Өткенге салауат...
Тірі адам тіршілігін жасайды..
Пандемия өзгертуге тиістіні өзгертті..
Енді өзгеруі тиіс басты нәрсе:
"Мешіт" деген сөзді қазақшаға аударсақ "Мінәжат үйі" дегенді білдіреді.
Ислам тарихындағы ең алғашқы мешіт 622 жылы Мұхамед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз Мекеден Мәдинаға қоныс аударған соң салынған Куба мешіті (Құрылысына өзі қатысып, біткен соң Пайғамбарымыз осы мешітте 20 күн құлшылық еткен көрінеді)..
Дубай Экономикалық Даму Орталығының мәліметіне сенсек, қазір әлемде 3,85 млн мешіт бар екен.
2018 ж. Қазақстанда 3601 мешіт болыпты.
Кейбір шағын ауылдарда 2 мешіттен бар. Сол жылғы есеп бойынша елімізде 84 мешіт бос тұрған көрінеді..
Қазақтың дені сау баласы «Құдай – бір, құран – шын, пайғамбар – хақ» екенін біледі..
Мешітті құрметтейді..
Олай болса, енді білімге мінәжәт ету керек..
Мектепті "Мінәжат үйі" деп жариялап, бар көңіл мен қаражатты соған аудару керек..
Адамды соқыр сенім емес, білім құтқаратынын түсіне алмасақ мемлекет ретінде ғана емес, ұлт ретінде жойылатынымызды мынау пандемия көрсетті..
Нағыз іліммен сусындаған адам жақынының аузындағыны тартып жемейді..
1000 жыл Әбунасыр бабамыз меңзеген тәрбиесіз берілген білім қайда жетелейтінін көзімізбен көрдік..
Айттарыңыз берік болсын! 




Көрілген: 423    Пікірлер: 0

жұма, 31.07.2020, 17:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Шілде, 11:16
    Солар жазалансын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31