Сен тұр - мен айтайын!

Енді Димашқа арнап 1932-33 жылдардағы ашаршылық туралы ән жазып беріңіздер...

  • Енді Димашқа арнап 1932-33 жылдардағы ашаршылық туралы ән жазып беріңіздер...

    Енді Димашқа арнап 1932-33 жылдардағы ашаршылық туралы ән жазып беріңіздер...

Жат жұрт мойындамаса Димашты мойындамаушы едік.

Димаш "Самалтау" әнін шырқамаса, бұл әннің барын көп қазақ білмеуші еді, ән мәтініне үңілмеуші еді, шығу тарихына қызықпаушы еді..

Желіде 2-3 күннен бері әннің авторы мен тарихын сұраушылар көбейіп жатыр..

Әннің тарихын білген адам әлі толық зерттеле қоймаған 1916 жылы қазақтың басына түскен қасіретті білгісі келеді.

Торғай мен Албан көтерілісі біршама зерттелді.

Ал Мырзашөл-Шымқорған қазақтарының қозғалысы туралы ештеңе білмейміз..

1916 жылғы қозғалыстың аса ірі ошақтарының бірі Жызақ болған. Орыс, өзбек тарихшыларының бұл көтеріліс туралы біраз зерттеулері бар. Көсемдерінің аттары аталады. Бірақ бәрі өзбек..

Шырақтар-ау, патшаға қарсы жаяу отырықшылар көтерілгенде аттылы қазақ қалайша тыныш жатады?


САМАЛТАУ


Самал тау, қайран елім, шалқар көлім,

Не болар солдат болып көрген күнім,

Есіме қайта-қайта түсе бердің,

Кір-жуып, кіндік кескен қайран елім


Атты емеспін, жаяумын,

Жаяудан да баяумын,

Он бес күндей жүргенде,

Омбы жаққа таяумын.


Жасым бар қос мүшелдей, жылым – сиыр

Тағдырдың айдауымен кеттім қиыр

Самал тау, қайран елім артта қалды

Адасқан өрісінен біз бір үйір


Әке-шешем бар еді,

Жасы жеткен кәрі еді,

Осынау әнге салдырған,

Он алтының зары еді...


Самал тау, қайран елім, шалқар көлім,

Не болар солдат болып көрген күнім.


1. Әннің авторы туралы әзірге жалғыз болжамды - Маралтай Райымбекұлы ұсынды. Мәкең скринін желіге салған 2013 ж. баспадан шыққан "Талас-Сарысу" атты кітапта "Самалтау" әнінің авторы Сапалай деген Талас-Сарысудың қазағы делініпті.

Шындықтан алыс емес. Сарысудың төменгі ағысы ол кезде Ақмола облысына кірген. Ақмола облысы орталығы Омбы - Дала генерал-губернаторлығының құрамында болған.

Оның үстіне автор "15 күн жүрдік" деп отыр..


2. "Жасым бар қос мүшелдей, жылым – сиыр" дегеніне қарағанда автор 1889 жылы туған, яғни жасы 27-де...


N:2 cуретте С. Чуйков деген кеңестік суретші салған "Қытайға қашқан көтерілісшілер" атты картина.1936 ж.


РS Енді Димашқа арнап 1932-33 жылдардағы ашаршылық туралы ән жазып беріңіздер. Димаш шырқаса қазақ қызығады..


Өмір Шыныбекұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2654    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.11.2019, 11:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31