Сен тұр - мен айтайын!

Енді "Грэмми" алған соң, қалай тойлайсың дегенде үйге барып, қуырдақ жеймін депті

  • Енді

    Енді "Грэмми" алған соң, қалай тойлайсың дегенде үйге барып, қуырдақ жеймін депті

Мен көлікпен жүргенде біреулердің сұхбатын қосып қоятын әдетім бар ғой. Кешеден бері Иманбек не дейді екен деп жүрмін. Яғни, не деген екен деп. Бұрынғы сұхбаттары бар екен біраз.
Арасында сұхбаттарының астындағы коменттерді де оқып қоямын. Грэммиге дейінгі уақыттың өзінде, трэктерің Американың бүкіл радиосынан беріліп жатыр, Германияда бүкіл калонкадан сенің музыкаларың ойнап тұр деген сияқты коменттер жазылған екен.
Жасаған ремикстері, жазған трэктері хит болып, сұмдық ақша әкеліп жатқан соң, біржола музыкамен шұғылданайын деп, жұмысынан шығып кетіпті. Сөйтсе, әкесі жұмысқа тұрмайсың ба дейді екен. "Мен ол кісіге табысым туралы айтпаймын ғой, содан ғой" деп қояды өзі.
"Грэмми" алуына себеп болған ремиксін 2 сағат 22 минуттың ішінде жазыпты. Қарапайым компьютер, 6000 теңгенің наушнигі, музыкальный центрдің калонкасы ғана бар екен өзінде. Кейін табыс тапқан кезде жаңартпаған. "Осыларға үйреніп қалдым, жаңасын алсам, бәрін көшіру керек, оның бәрі әуре" дейді.
Колледждің төртінші курсында оқып жүргенде наурыздың демалысы болды дейді. Сол кезде «Roses» әнін тыңдадым да, ремикс жасайыншы деп, отырдым да, істеп шықтым. Сөйттім де, оны ВК-дағы парақшама салдым. Ол парақшада екі жүздің үстінде адам бар еді. Екі айдай солай тұрды. Адамдар ақырындап бөлісіп жүрді, тыңдап жатты, бірақ керемет таралған жоқ. Бір күні 2 миллиондай жазылушысы бар парақша бөлісті. Содан бастап он бес минут сайын бір адам бөлісе бастады. Бірінші рет үйімнен басқа жерде өз музыкамды естігенде керемет сезім болды. Аялдамада тұрсам, бір приора «Roses-ді» бақыртып қойып, өтіп бара жатыр екен.
Сөйтіп, сөйтіп тарала берді. Бір ютюб арна менің музыкамды салған екен, қаралымы 23 миллионға бір-ақ жетті. Ресейде екінші орынға, Украина мен Болрусияда бірінші орынға шықты. Жаздың кезінде Литвалық студия хабарласып, 200 мың еуро аванс ұсынды. Одан кейін де түскен ақшадан пайда алып тұрасың, құқықты бізге бер деді. Мен ойланып қалдым. Бір трэктен 200 мың еуро алсам, жаман емес қой? Бірақ келсім-шарт ағылшынша болған соң, күмәндана бердім. Сөйтіп созып жүргенде, Ресейден Кирилл хабарласты. Ол өзім жақсы білетін студияның басшысы ғой. Келісім-шартын да түсінемін, ұсынысы да жақсырақ екен. Мәскеуге барып, кездесіп қайтсам да өз қолымда дегендей. Сөйтіп, Кириллмен келісім-шарт жасастық. Одан әрі қарай ол рәсімдерін орындап, айналыса берді.
Иманбек осылай дейді. Осы оқиғалар болып жатқанда ол колледждің қызыл диломаны алып, Ақсудың теміржол станциясына жұмысқа да тұрып үлгерген екен. Жүк таситын пойыздарды қадағалап, рациямен далада жүретін жұмыс көрінеді, өзінің айтуына қарағанда. Әріптестерім жұмысқа шықпай қалса, қатарынан бірнеше смен жұмыс істеймін деп қояды сол кезде берген сұхбатында.
80-жылдары танымал болған Дитер Болен деген әншімен бірігіп бір музыка шығарған кезде әкесі қатты қуаныпты.
"Грэммидің" үміткерлерінің бірі болып тұрған кезінде сұхбатында, мен басқа үміткерлердің де музыкаларын тыңдап шықтым, мен жасаған «Roses» бәрінен артық дейді. Оның өзін тәкәпарлықпен емес, таза адамға тән аңғалдықпен айтып отыр. Қазір маған мамандар, кез келген өтекті басып қалсаң сенің трэгің ойнай жөнеледі деп әзілдейді дейді сон соң.
Енді "Грэмми" алған соң, қалай тойлайсың дегенде үйге барып, қуырдақ жеймін депті.
Жиырмадан енді асқан бала ғой. Бағы жана берсін. Шығармашылығының дамуы мен пендәуи қуаныштары қатар жүрсін, жүргенде де тек қана оң бағытқа жүре берсін.

Арман Әлменбет

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1851    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.03.2021, 09:21

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31