Сен тұр - мен айтайын!

Еңсесі пәс мұқтаж бен есесі кеткен момынға бір–бір Бәукең жолығар ма еді

  • Еңсесі пәс мұқтаж бен есесі кеткен момынға бір–бір Бәукең жолығар ма еді

    Еңсесі пәс мұқтаж бен есесі кеткен момынға бір–бір Бәукең жолығар ма еді

Келім-кетім кісіге пәтерінің тарлық қылатынын айтып, Бәукең қалалық советтен кеңірек пәтер сұрайды. Батырдың өтініші әп сәтте ескеріліп, бес бөлмелі пәтердің ордері табысталады.

 

Жаңа пәтерін көруге барса, есік алдында тұмсырайып отырған орыс әйелге кезігеді. Кейуанадан жөн сұрағанда қалалық советтің осы күнге дейін беруге уәде еткен екі бөлмелі пәтерін беруден айнып қалғандығын айтады. Сөз арасында, өзіне тиесілі пәтерді үш бөлмелі пәтермен біріктіріп, бір полковникке бергелі жатқандығын және өзінің де, соғыста мерт болған солдаттың анасы екендігін тілге тиек етіп налиды.

 

Мән-жайға қаныққан Бауыржан «мұңаймаңыз шешей, ордер беретін жерге барсаңыз пәтеріңізді аласыз» дейді де, қаны басына шапқан күйі қалалық советке тартады. Өзіне ордер табыстаған қызметкерге барған бойда:

 

- Мен кісіге тиесілі пәтерді сұраған жоқпын, мынаны жыртыңыз да, пәтерді бастапқы уәде етілген егесіне қайтарып беріңіз! – деді, қабырғаны қақыратардай үнмен.

 

- Енді сіз пәтер сұрағасын... Ол кісіге кейінгі кезекте берсек деп едік...

 

- Молчать! – деді, отты жанары жарқ етіп. Пәтердің бұрынғы егелеріне табысталғанын маған телефон соғып хабарлайтын бол! Понятно вам?!

 

- Түсіндім, түсіндім, жолдас Момышұлы. Тек, сіздің неліктен бас тартып жатқаныңызды түсінбедім.

 

- Ол майдан шебінде кеудесін отқа тосқан солдаттың анасы. Енді түсіндің бе?

 

Қызметкер басын изейді.

 

Әлгі қызметкер араға уақыт салып, кейуананың бастапқы пәтерін алғандығын айтып телефон шалды. Қарт ана көіне жас алып, сіздің Бауыржан Момышұлы екеніңізді білгенде «Кітаптарын оқығанда Момышұлы дәл сондай азамат шығар деп, ойлаушы едім, қателеспеген екенмін» - деген сөздерін жеткізді.

   

Бүгінгі күні мұқтаж жандардың пәтер кезегінің реттік номері кейінге шегеріліп, араға «пысықайлардың» килігіп кіріп кетіп жүрген жайттарды жиі естиміз. Ширек ғасыр күтсең де, кезек құрғыр келіп болмайды. Еңсесі пәс мұқтаж бен есесі кеткен момынға бір–бір Бәукең жолығар ма еді– дейді, пенделік қиялым.

 

Түйін : Құрметті, пайымды оқырман! Жоғарыдағы жазылған ұлт мақтанышының оқиғасын көпшілігіңіз білездер. Дегенмен, ұлыны ұлықтап, еске түсіру мақсатында жазуды жөн санадым. Ғаламторда хайп қуған арзанқол дүниелерден көз сүрінеді. Ендігі кезекте тәлімі түйеге жүк болатын, ұлтымызға аянбай еңбек еткен тұлғалардың өмірінен естеліктер жазсақ, жастарға пайдасы тиер деген ойдамын……………

 

 

 

 Қайрат Нұрлықасымұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1634    Пікірлер: 0

сенбі, 18.09.2021, 21:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Желтоқсан, 15:34
    Е, алдамшы дүние...
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31