Сен тұр - мен айтайын!

Еркек басыңмен қатынның астында қалай жатасың...

  • Еркек басыңмен қатынның астында қалай жатасың...

    Еркек басыңмен қатынның астында қалай жатасың...

Қызылордадан Астанаға пойызбен жолға шықтық. Сапарға шыққанда адам көңілі кеңіп сала береді ғой, маңайымдағылар қазақ болса болды самбырлап әңгіме айта жөнелем.

 

Сөйтіп келе жатқанда елуді еңсерген денелі семіз әйел келіп: "Аға сөзіңіз өтімді кісі секілдісіз, ана жігіт орнын маған беріп үстіңгі төсекке жатса, мен қайта-қайта сыртқа шығуым керек, түнде ұйқысырайтыным бар еді" деді.

 

Орнымды бере қояиын десем, менікі де үстіңгі төсек.

 

Жарайды шапанымды шешіп алмас деп көрші купеге бас сұқтым.

 

Ауру да емес, мас та емес қазақтың 25 ке келген жігіті жатыр.

 

Амандасып едім, орысша жауап қайтарды.

 

Не керек, ана тілінен іште жатқанда-ақ айрылған тұл "жетім" екен.

 

Өмір бойы жинап-терген елу шақты орысшамды миымның бұрыш-бұрышынан іздеп тауып бұраңдаттым келіп.

 

Анау көнер емес, тіпті миығынан күліп, иығымен жауап қатады.

 

"Осы жерге жату үшін арнайы сатып алдым" дейді.

 

Торығып кеттім, анау әйел де қысылды.

 

Өз жайым өзіме аян, тұла бойды шымырлатып ашу келе жатыр лықсып.

 

Өне бойдың қуатын өңешке қайыра тұрып соңғы сөзімді айттым:

 

"Ей, ез неме! Еркек басыңмен қатынның астында қалай жатасың, шықпаймысың жоғарыға!" Әрине орысшалап айттым. Анау селт ете қалды. Сел еткенде жай емес, орнынан ытырыла түрегелді.

 

Манадан сұрланып отырған сұп-суық жүзіне қазақы қан теуіп шырайланып шыға келді.

 

Заттарын жинап жоғары лақтырды. Мысықтай ырғып төсегіне шықты да "рақмет аға" деді.

 

О, Алланың әмірі. Таңғалдым. Сонда ұлттық таным, түйсік дегенің оңай өлмейтін дүние болды ғой. Тамырын тап бассаң, бас көтереді. Қайран қазақы түйсік.

 

Танымайтын жігітті орнынан жұлып алған аталар танымы-ай деген.

 

Осындай түпкі түйсік орысша сөйлесе де әр қазақтың бойында бар деп ойлаймын. Оята білсек, шіркін.

 

Мамыр Байдәулеттің әңгімесі.

 

Ұларбек  Нұрғалымұлының "Дайағашшы" кітабынан.

 

 

 

 

Дәулет Серікбай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 7359    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.01.2021, 19:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28