Сен тұр - мен айтайын!

Еркек байғұстың перзентханада отыратын «дәстүрі» пайда болды

  • Еркек байғұстың перзентханада отыратын «дәстүрі» пайда болды

    Еркек байғұстың перзентханада отыратын «дәстүрі» пайда болды

ПАРТНЕР


Партнер (фр. partenaire) – бірлесіп қатысушы, әріптес деген мағынаны білдіреді. Осыған «перзентханадағы еркек» дегенді де қосып қоямыз-ау.


Түрік сериалдарының әсері ме, әйтеуір, кейінгі кезде босанғалы жатқан жас келіншектер «маған партнер боласың» деп соқа басты еркектерін соқталдай ғып перзентханаға ерте баратын болған.


Партнерлікті – «серіктесе босану» десек, бұл босанушы әйелдің жақын адамдарының тікелей босануға қатысуына келіңкірейді. Серіктестің міндеті – рухани қолдау, толғатып жатқан адамға қолайлы әсер ету. Мүндай адамның бір есептен алдын-ала босану процесін біліп, дайындалып келген кәсіпқой әйел болғаны жөн. Босанушы әйелдің белін, ішін сипап, әйелдің дұрыс тыныс алуына, жүріп-тұруына, тамақ-суын ішуіне көмектеседі. Қарап отырсаң, осының барлығы мемлекеттен жалақы алып отырған перзентханадағы дәрігердің немесе акушердің міндеті сияқты. Партнер солар болуы тиіс.


Ал, шын мәнінде, жауапкершіліктен қаша ма, әйтеуір, барлық шаруаны дүниеге перзент әкелгелі жатқан ананың туыстарына жүктей салған. Ал, келін қайын жұртынан гөрі осынау ауыр процесте күнде ойнап-күліп жүрген күйеуінің болғанын қалайды. Осыдан келіп, еркек байғұстың перзентханада отыратын «дәстүрі» пайда болды.


Ілгеріде аналарымыз күйеуін перзентханаға ертпек түгілі, үйде босанса да жабықтан сығалатпайтын. Ал, ер азамат ат шаптырым жерде тұрып, оқтаулы мылтығын ауық-ауық аспанға атып, әйелінің жеңіл босанып алуына көмек көрсететін.


Негізінен әйелдердің пікірі ер адамының «партнерлігі» жағында: «Серіктестік босануға қатысқан ерлердің одан кейінгі отбасылық өмірі өзгере бастайды, әрине жақсы жағынан», «Серіктестік босанудан кейін әйел мен ерінің арасындағы сезім артып, жауапкершілік күшейе түседі», «Жолдасымның өмірімдегі ең маңызды сәттердің бірінде қасымнан табылғанына қатты қуандым. Себебі ол қасымда болса қорғаным бар сияқты сезінемін, қорықпаймын».


Ал, ер адамдар бұған не дер екен? Әлде, оларға перзентханада келіншегімен бірге жатып «толғатқан» ұнай ма?..


Бекжігіт Сердалы

Фейсбуктегі парақшасынан 




Көрілген: 1169    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.12.2019, 13:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қаңтар, 12:10
    Күйдірдің ғой ит-ай!
    31 Желтоқсан 2019
    Әкім болудан қорқамын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31