Еркекше бір жеріңді қысып тыныш жүр

06 мамыр 2022, 01:11

Измена деген не? Жігіт болған соң ара-тұра олай-бұлай нететіндер бар. Былайша айтқанда бұны бір реттік акция деп атауға болады. Өз басым ондай акцияға вообще қатысып көрмеппін и қатыспаймын да. Құдай сақтасын. Бұнымен не айтқым келді?
Үйлендің бе, семья құрдың ба? Ендеше еркекше бір жеріңді қысып тыныш жүр. Әйеліңе деген адалдығыңды жұмысыңмен, табысыңмен, шабысыңмен дәлелде.
Елімізде ажырасу көрсеткіші көбейіп кетіпті. Оның түрлі себебі бар. Соның бірі "ұсталып" қалу причинасы. Қыз-қырқынмен қутыңдауға құмар жігіттер әйтеуір күндердің бір күні ұсталып қалатыны хақ. Нәп-нәзік әйел жүрегі ондай оңбағандықты кешірмейді. Кешірсе де көңілі суып кетеді. Сөйтіп, отбасындағы отопление жылу бермей батарейлар қатып қалады. Ақыр соңында сот деген сантехниктарды шақырып айырылып тынады.
Екі ортада жәутеңдеп бала қалады. Мөп-мөлдір сәби көзі әкенің де, шешенің жүрегін отырғызады. Осылайша, отбасы деген үлкен мемлекеттің тәуелсіздігі жоғалады. Ажырасқан соң күйеуі бір қатынға барып тәуелді болады, әйелі басқа еркекке тәуелді болады.
Общым, жігіттер тыныш жүріңдер. Әйелдер деген отбасыға берік адамдар. Тамағың істеулі, киімің жуулы, төсегің тап-таза болса одан артық қандай кайф керек? Әттең осының қадірін кеш түсінетін браттар көп, брәтішкілер де баршылық...
#erbolmandibek

facebook.com парақшасынан