Еркекте ер мінездің болғаны да, дұрыс ау негізі.
Бүгін қызық болды.
Бағана кептелісте тұрсам, алдымда тұрған көлік алдындағы шұңқырды айналып өтемін деп көлігін артқа беріп, менің сигнал басып жатқанымды естімей маған соғылды. Қасымда құрбым бар, ананың артқа басып келе жатқанына таң қалып отырғанбыз. Қатты соғылған жоқ, көңіл күйім керемет еді дәл осылай күліп түсіп ағау не істедіңіз? десем ағамыз неменге маған келіп соғыласың деп өзіме атака жасайды
Мәәә аузым осылай ашылып қалды ғой
Осы жасқа дейін небір адамдарды көрдім бірақ мынандай адамды бүгін бірінші рет көрдім
Құрсын ағау ер азамат басыңызға сын, мен ештеңе деп жатқаным жоқ бас аман ең бастысы. Еркек басыңызға өтірік айтпаңызшы дедім. Ағамыз қоймайды ғой өзің келіп соқтың деп. Жарайды онда менің көлігімде камера бар көрсетейін дедім. 
Сөйтсем артқа жүрген болсам жүрген шығармын мүмкін дейді . Шынын айтсам анандай екі жүзділікті көріп тұру, жеркенікшті, өтірігі құлаққа жағымсыз. Тағы бір бәлені таппай тұрғанда бара беріңіз дедім. Қайтейін. Мұндай адамнан бәрін күтуге болады.
Сонымен номерім сынып мен қалдым. Оны жолдан скотчтап алып ары қарай кеттік.
Еркекте ер мінездің болғаны да, дұрыс ау негізі.
Қасымда үнемі бір сөзді, мінезді @zhandos_zh болған соң жұрттың бәрін жасағанын мойнымен көтеретін ер азамат деп біледі екем. Сөйтсем ер азамат басына қиқымдар да, бар екен. Кейбіреулер мұндай адамдарға шалбар кимей юбка киіп ал дейді. Олай теңейін дейін десем әйел адамдардың көңіліне тиемін солай емес пе қыздар?
Ең бастысы бас аман болсын. Қалғаны табылады. Аман болыңыздар.