Еркектер! Қатындарыңа ие болыңдаршы!

20 сәуір 2022, 10:45

Бәрі құрысын, осы Габидулла Абдрахимов қайда  жүр екен, а?

 

3 күн Түркістан облысында болдым. Қай жер екенін айтпай-ақ қояйын, бір ауылда шәңкілдеген хотундарды көріп, шошып кеттік. Сол ауылдағы жергілікті әкімнің өзін менсінбей «әкім болсаң өзіңе, пшнх» дегенінде, Ғабекеңнің еркектерге айтқан сөзі еске түсіп кетті «қатындарыңа еге болыңдар» деген. Сол кезде ренжігеннің бірі едім. Енді түсінгендеймін. Ана долы хотундардың ортасында жүрген ауыл әкімі: «Біздер үйрендік бұндайға. Бетімізді тырнамаса болды деп тұрамыз ғой» дегенінде, да ну мұндай жұмыстың дедім ғой.

 

Енді мен айтайыншы:

 

Еркектер! Қатындарыңа ие болыңдаршы! Немене анау ауыздарынан тек "жалап пен пшнх" шығады?! Кішкентай балалар тұр демейді?! Еркектерді оны сыйламайды. Лас болғанда да, сұмдық лас ауыздары. Әлгі завуч көкбет әйел бар еді ғой, ауызынан ақ ит кіріп, сұр ит шығатын, тура сондайларды өз көзіммен көрдім. А-ны да, қ-ны да ұялмай балалардың көзінше айтып жатыр. «Ана жеріңді жұлып аламын қазір» дегенінде бір кісіге, қақ маңдайынан атып жібергім келді, рас айтамын. Лох күйеуі тұр жанында еліріп.

 

Фу, жиреніп кеттім. Видеосын салуға ұялып отырмын(

 

 

Бибігүл Дәулетбекқызы

 ФБ парақшасынан