Сен тұр - мен айтайын!

Еркектерге бірден бірнеше әйелмен кездескен ыңғайлы...

  • Еркектерге бірден бірнеше әйелмен кездескен ыңғайлы...

    Еркектерге бірден бірнеше әйелмен кездескен ыңғайлы...

Елді құтқаруға тырыспа

Оларға сол өмірі ұнайды. Отыздан асқан жігітке анасының мойнында отырған ұнайды. Шешем ешқайда жібермейді, өміріме араласа береді деп шағымданып өту - ыңғайлы. Ол есейгісі келмейді. Өзі үшін жауапкершілік алғысы келмейді.

Шешеге аналық махаббатын бұлдау - ыңғайлы. Елдің өзін қолдағаны, аяушылық танытқанына риза. Бала күтушісін жалдамай, баланы өзі бағып, сосын өзін дүниенің тұтқасын ұстаған қаһарман сезіну - ыңғайлы. Баланың әр басқан қадамын қадағалап, мазалайды, оған сенім арта алмайды.

Еркектерге бірден бірнеше әйелмен кездескен ыңғайлы. Екеуінің бірін таңдай алмаймын деп жалтарады. Екеуі бір-бірін толықтырады деп ақталады. Шын мәнінде бір әйелді толық тануға, шын сүюден қашу ғана. Шешім қабылдаудан басын алып қашу.

Алқаш күйеуден таяқ жеп өмір сүру - ыңғайлы. Елдің көзінше бақытты отбасымыз деп мақтану. Бұл да ешбір шешім қабылдамай өмір сүрудің қалыбы.

Сенен басқаның бәрі шетінен санасыз деу - ыңғайлы. Өзгелерді жақсы білетіндей, айналаңда не боп жатқанын толық түсінетіндей кейіп танытасың.

Анамды ренжіткім келмейді деп өзің қалаған өмірді сүруді бастағың келмесе, мұның сылтау ғана.

Өзіңнің шекараңды көрсетпей, жұрттың бәрі мені пайдаланады деп байбалам салу да - ыңғайлы.

Аяқ астынан ауырып қалып, ең маңызды шешімді қабылдамай тастау да - ыңғайлылық.

Жұмысты жақсы көрмеймін деп айтып алып, еркін өмірден қорқуың да ыңғайлы өмірден кете алмауың. Жаңа өмірдің дәмін сезінбей өтесің.

Өзгелер үшін бәрін істеп, бұлар түк білмейді деу - ыңғайлы. Үнемі соларды бақылаумен уақыт өткізесің.

Ешкім мойындамаған дарын атану да ыңғайлы. Жұрттың бәрін сынап, өзің әлеуметтік желіде тек пікір жазып, әркімнің сөзін бөлісумен шектелу де - ыңғайлы.

Ешқандай тренинг, ешбір психология маған көмектеспейді, мұның бәрін білем деуге салыну да - ыңғайлы. Сонда басқаша жасау деген қорқынышты бастан кешпейсің. Өзіңді ерекше сезіну сезімі қалады. Өте күрделі жағдай. Солай деумен мойындалсаң, тіпті қиын.

Айналаңдағы елді құнсыздандырмағын.

Оларға солай ыңғайлы.

Ыңғайсыздық сезінген ел жаңа жол іздеп жүр. Психологтармен жұмыс жасайды. Не басқа жақтан қолдау тауып, шешім қабылдауды үйренеді. Өмірін өзгертіп жатыр.

Құтқарылғысы келмейтіндерді құтқарудан гөрі пайдалырақ іс істегің келсе, неге бөтен адамдарды құтқарғың келетінін бір сәт ойлашы?

Өз өмірін, өзін басы бүтін өзгертіп жатқан адамдар көп. Оларға ескіше өмір сүрген ыңғайсыз болды. Ыңғайсыздықтан шаршағандар өмірін сенсіз де өзгертеді.

Кристина Хроянка

Аударған @shinarabelda


Shynar Ábildá

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 6660    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.09.2019, 16:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31