Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ертең фб парақшама күйеу атты комиссия келе жатыр. Сақ болыңыздар!

02 қаңтар 2018, 16:20

-Түсімде сап-сары жігітпен кетіп қалыпсың - деп көкеміз жас балаша томсырайып жүрген.
Жұмыс орнымдағы сары әріптестерім мен өзінің сарыдан келген достарын түгендеп, қайсысы болды екен деп біраз ізденген болды. Сонша қызғаншақ болар ма?
-Түс түлкінің тезегі емес пе?
Сол сары дегенің өзің шығарсың деймін мен де.
Бүгін ескі жылды шығарып салу үшін көшеге шыққанбыз.
Орыс көршіміздің өңкейген ұлы бізді көріп, жаңа жылмен құттықтады.
Жанымда отшашуды тамашалап тұрған балаларыма сүйсіне қарады.
Екі қолын жайып -бақыт деген осы емес пе? Осыларды өмірге әкелген анасына рахмет деп, ойламаған жерден, иығымнан құшақтап, бетімнен сүйіп алды.
Балалы үйде ұрлық жатпайтыны рас екен.
-Орыс мамамның бетін сүйді-деп әкесіне жеткізіп барды.
Біздің көкенің көктен іздегені жерден табылғандай орнынан ыршып түсті.
-ооо таптым! Әлгі сары жігітің демек орыс екен ғой.
Әп бәлем! Ұсталдың ба?
Екі жұдырығын түйіп алды.
Жаппарқұлға жан керек.

Есіктен шыққан күйі домды айналып жалаңаяқ қашып бердім.
Қуып келе жатыр, жеткізбей келем.
Көзім қараңдаған екі бейнеге түсіп кілт тоқтадым.
-Мәссаған ананы қара! Көрші орыс бір қызбен құшақтасып тұр.
Соңымнан қуып жеткен ол ентігін баса алмай,
-демек, түсімдегі бұл емес, фейсбугыңды тексерем!

Ошым айтқанда былай достар!
Парақшамда қауіптің сары деңгейі.
Сап-сарылардың құлағына алтын сырға)
Ертең фб парақшама күйеу атты комиссия келе жатыр.
Сақ болыңыздар!)

Салтанат Абылбекова
Facebook-тегі парақшасынан