Сен тұр - мен айтайын!

Ертең қытайдың аузы қалай қарай қисаятынын ешкім білмейді.

  • Ертең қытайдың аузы қалай қарай қисаятынын ешкім білмейді.

    Ертең қытайдың аузы қалай қарай қисаятынын ешкім білмейді.

Қазақстанға АЭС салуды ұсынған кім? Путин бе əлде біздің басшылар ма? Меніңше, бұл орыстардан түсіп отырған ұсыныс. Неге? Əрине олар біздің жағдайымызды ойлап отырмағаны белгілі. Біріншіден, Ресейде дағдарыс күшейіп келеді, қаражат керек. Жақында Өзбекстанға АЭС салатын болып келісті деген ақпарат тарады, бағасы он бір миллард көрінеді. Оңай ақша емес. Егер біздің де келісімімізді адар болса, көп қаржы табары ақиқат. Екіншіден, мұның стратегиялық мəні бар: Қазақстанға Қытай жылдан-жылға дендеп еніп келеді. Шынын айту керек, бұл орыстарға жағып отырған жоқ, болашақта қытайдың қандай үстемдікке ие болары тағы белгісіз. Осы бастан қамданбаса Қазақстандағы орыс үстемдігі мүлдем жойылып кетуі бек мүмкін Путин біраз жыл бұрын айтқан бір сөзінде "Кеңестер Одағы дегеніміз шын мəнісінде Ресей болатын, біз біраз жерімізді үлестіріп тастадық" деген еді Түсінген адамға бұл сөздің астары терең. Ауыл жақын болғанмен ауыз бөлек, достық қатынаста болғанмен дүние бөлек, ертең қытайдың аузы қалай қарай қисаятынын ешкім білмейді. Сондықтан осы бастан қам жасап, қытай шегарасына жақын жерден АЭС салып, бұл өңірдің бəрі өзінің бұрынғы иелігі екенін қытайдың есіне тағы бір салып қою керек секілді. АЭС-пен бірге оның күзетін қоса салу керек деген желеумен Талдықорғандағы жерасты полигондарына біраз оқтұмсықтар қайта əкелінуі бек мүмкін. Өйткені Ирандағы орыстар салған АЭС-тің маңайына С300 -тің орналасқаны осындай ойға жетелейді. Өзбекстан мен Қазақстанға АЭС салынса оны қорғайтын қарудың қоса келері ақиқат, бір жағынан ол ОДКБ-ның міндетіне жатады ғой. Сайып келгенде, Орта Азия мен Қазақстанды Ресей өз ықпалынан шығармауы тиіс, қытай осыны түсініп, бас жаққа барыспағаны абзал. Ресейдің Өзбекстан мен Қазақстанға АЭС салудағы басты мақсаты осы болса керек. 


Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1639    Пікірлер: 0

сенбі, 06.04.2019, 16:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31