Сен тұр - мен айтайын!

Еш уақытта, ешбір елде аяқ астынан "жұмақ" орнаған емес...

  • Еш уақытта, ешбір елде аяқ астынан

    Еш уақытта, ешбір елде аяқ астынан "жұмақ" орнаған емес...

Демократияны демократтар жасайды. Ал, сіз қаншалықты демократсыз?
Əділетті қоғамды əділ адамдар орнатады. Сіздердің əрқайсыларыңыз қаншалықты əділсіздер?
Қоғамға, адамға, қоршаған ортаға, болашақ ұрпаққа мінсіз адалдық танытуға дайынсыз ба? Болмаса жеме-жемге келгенде көрпені өзіңізге қарай тартып кетесіз бе? Бəлкім өзімшілдікті қалыпты жай деп қабылдайтыныңызды өзіңіз де байқамайтын боларсыз?
Осы күні жемқор емес кім бар? Біреу, екеу, үшеу... болды. Əркім əліне қарай "жейді".
Өміріңізде бір рет суды үнемдеу керек, болашақ ұрпақ судан тапшылық көруі мүмкін деп ойлап көріңіз бе?
Иə, мен үнемі ойлаймын, ол да, анау да ойлайды, бірақ бəрі емес.
Қоғамдағы өзгерісті бəріміз қалаймыз. Адам өзгермесе, қоғам қалай өзгермек?
Кез келген қоғам белгілі бір жүйенің негізінде дамиды. Жəне ол жүйе аяқ астынан пайда болмайды. Ұзақ уақыт қалыптасып, дамиды. Орнығады. Тамыр жаяды. Сондай жүйені түп тамырымен төңкеріп тастап, жаңа жүйе орнатқысы келетіндер бар.
Бар күштік құрылымды қолында ұстап отырған кез-келген жүйе өзін бар мүмкіндігін салып қорғайтыны заңды.
Көпшілік халық əл-ауқатты өмір сүргісі келеді. Бірақ ондай бай елді жасау керек қой. Қалай? Білмейді. Білім жетпейді. Халықтың санасында неге мен жақсы өмір сүрмеймін, осының бəрі ұрлықшы биліктің кінəсі деген ашу-ыза ғана бар. Мұны пайдаланған кейбір арам ниеттілер жоқ-жітіктің қамын ойлаған болып, шоқты одан сайын үрлей түседі. Негізінде оның мақсаты біреу - билікке қол жеткізу. Одан жағдай өзгере ме? Жоқ! Неге? Айтайын.
Мақұл-ақ, билік өзгерді делік. Шал-шауқанның бəрінің тұқымын тұздай құртып, əлемдегі озық демократиялық елдердің рухымен нəрленген, білімді, білікті, қайрат-жігері қайнаған, тепсе темір үзетін азамат ескі жүйенің қамытын сыпырып тастап, жаңа жүйенің тізгінін қолына алды делік. Елде ондай азаматтар жоқ емес, бар. Алайда...
Шабандоз аттың құлағында ойнайтын шебер болғанымен, мініс аты шабан болса, жарысқа шауып жарытпайды. Оза шауып бəйге алу үшін шабандоз бен тұлпардың ұшқырлығы бір-біріне сай болу керек.
Бүгінде Қазақстанның əлем нарығында артқы түйенің бірі болып салпақтап келе жатқаны ешкімге жасырын емес. Оның объективті, субъективті себептерін тәптіштеп жатпаймын, уақыт кетеді.
Мемлекет гүлдену үшін оның əр мүшесі қазіргідей керенау, сылбыр, апатиялық көңіл-күйден арылуы тиіс. Білімі мен мəдениеті жоғары халық қалыптасқанда ғана қоғам ең болмаса қырдан құлағын қылтита алатындай дəрежеге көтеріледі. Ал бұл бір күнде немесе бір жылда бола қалатын нəрсе емес. Уақыт қажет. Аузымыздан суымыз ағып, тамсана таңдай қағатын демократиялық елдердің қоғамы ғасырлар бойы жетіліп дамыған. Эволюциялық даму дегеніміз - осы. Еш уақытта, ешбір елде аяқ астынан "жұмақ" орнаған емес.
Миллиондаған бейкүнə жандардың қанын арқалап, революциялық жолмен орнап, ел тізгіні білім-біліксіз құл-құтанның қолына көшкен Кеңес үкіметінің тағдыры қандай болғаны əлемге аян. Сол коммунистік жүйенің өзін жаңа жағдайға бейімдеп дамыта білген Қытайдың қалай озып кеткенін де көріп отырсыздар. Мəселенің мəні ойлануға тұрарлық.
Енді кеше өткен мəжіліс пен мəслихат сайлауы хақында. Сайлау қалай өтсе де, əйтеуір өтті. Өзіміз қандаймыз, сайлауымыз да сондай. Кем-кетігі де болған шығар. Біз түгіл əне, демократиясы орныққан Америкаңның өзінде не болып жатқанын көрдік. Ақ Ордасын талқандап тастады. Тура қырғыздар сияқты!) Ақ үйдің ішіне кіріп алып, қырғыздар да суретке түскен, америкалықтар да суретке түсті:) Сонда бұл екі елдің ұқсастығы қайда, айырмасы қайда?) Осыдан кейін ың-шыңсыз өтетін сайлау бола ма өзі деген ой туады.
Осы жолғы сайлау көптеген озық ойлы жастарды билік басына əкелетініне сенімім кəміл. Олар өз кезегінде қоғамның ақырындап болса да алға жылжуына үлестерін қосары анық.
Өсти-өсти ешнəрсені талқандамай-ақ, тыныш жатқан ел ішін ала тайдай бүлдірмей-ақ, ақырын басып, абайлай жүріп, адам боп кетеміз. Ең бастысы, бірлігіміз бен тірлігіміз бекем болса болғаны.
Көсемнің соңынан еріп, тəртіпке бағынған ел кем болмайды,
көрінген жаққа тартып, берекесі қашқан ел ел болмайды.

Гүлмәрия Барманбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 536    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.01.2021, 11:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қаңтар, 09:52
    Өлім оған - Бостандық
    31 Желтоқсан 2020
    Кто бинабат?
    17 Желтоқсан 2020
    Жігіттер, мал болмайық!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31