Сен тұр - мен айтайын!

Ешкім алаяқ болайын деп алаяқ болмайды...

  • Ешкім алаяқ болайын деп алаяқ болмайды...

    Ешкім алаяқ болайын деп алаяқ болмайды...

 Біздің қоғамда ешкім алаяқ болайын деп алаяқ болмайды. Заман - нарықтық, бірақ сол нарықтық жүйе о бастан дұрыс дамымады. Бизнес тренинг, кітаптардың бәрі "адамның күні адаммен, аралас, сат, ақша жаса, ақшаңды еселе!" дейді.

Біздің қоғам бизнесті алыпсатарлықтан бастап еді, сол күйі өндіріс, зауыт ашу, акция, инвестиция салу, актив, пассив бизнес дегенді жолға қоя алмады.

Білетіні, той бизнес, желілік маркетинг - пирамида.

Замандастарымыз несиені о бастан бизнеске емес, той, айфон, көлік, ипотека үшін алып, ғұмыр бойғы құл қораға кіріп алды.

Хаос, жабайы бизнес қоғамның еңсесін тіктетер емес, бірақ биліктің онымен шатағы жоқ, ол даму жолын әлемдік стандарттарға шақтап алған.

Алайда, ол жерде де қазір коллапс, қоғамның нарықтық негізі о бастан дұрыс құйылмаған соң, тұйыққа әбден тіреліп, банктердің толмайтын тұңғиық көмейін шетелден алған қарызбен толтыруға тырысуда.

О бастан өз халқын несие құлы етуден бастаған банктер тығырыққа соғылып, бірте-бірте Марио Варгас Льосаның солитері немесе котоблепасы құсап, өз-өзін жеудің алдында, басқа жол жоқ.

Қазақстанда дамыған бизнестің бір түрі - құрылыс. Жеріміз - ұлан-ғайыр, бірақ ертең көмілетін жер бұйыра ма деп алаңдаулы екеніміз рас.

Жер, үй бағасын қол жетпейтіндей етіп шарықтатудың астарында да о бастан халықтың қанын сорып, ақшаға құл қылудың саясаты жатқан.

Гауһар мәселесі осы соңғысымен байланысты.

Жаңа салынған үйден ағасы, екі әпкесі, өзі пәтер алады. Құрбысына да әпермек болады. Құрбысынан ақшаны алып, әлгі құрылысқа салса керек.

Бірақ құрылыс заңсыз деп табылып, бәрі ақша да, үй де жоқ, далада қалады.

Бұл жерде қазір құрбысының ғана есебі түгел боп тұр.

Оған Гауһар үшін халық ақшасын жинап берер. Гауһар да шығар.

Ол аса талантты қыз, Алланың сынағына шыдап кетсе, әлі де еңсесі тіктелер.

Бірақ Гауһар танымал болған соң қоғам назары оған ауып отыр.

Ал жаңағы жабайы бизнес, әдейі ұйымдастырылған қитұрқы алаяқтықтан жапа шегіп, күніне жүз қазақ жылап отыр.

Сол қазағыңды қалай жұбатасың, ағайын?


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 612    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.01.2019, 20:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30