Сен тұр - мен айтайын!

Ешкімге білдірмей молдекеңнің жанқалтасына ақшаны сүңгітіп жіберуің керек...

  • Ешкімге білдірмей молдекеңнің жанқалтасына ақшаны сүңгітіп жіберуің керек...

    Ешкімге білдірмей молдекеңнің жанқалтасына ақшаны сүңгітіп жіберуің керек...

ПІТІР-САДАҚА КЕДЕЙГЕ ДЕ, БАЙЛАРҒА ДА ОРТАҚ!
АЛЛАНЫҢ ҮЙІ БОЛҒАНДЫҚТАН, БАҒАНЫ ҮЛКЕН ӘРІППЕН КӨРСЕТІП ЖАЗЫП ҚОЮ ҮЛКЕН КҮНӘ!

Мен Татарстанның мешіттінде Рамазан айында болдым, Құл- Шариф деген 1050 жылдық тарихы бар керемет мешіт екен! Осы мешітті көргенде, көрмегенде арманда! Мешіттің іші мұнтаздай жарқыраған, алтынмен жалатқан қабырға бүрмелері енді ғаламат екен!
Осы мешіт тіпті СССР кезінде аман сақталып қалғанына таңқалдым.

Атеисттер барлық мешіттер мен шіркеулерді құртқанда, Қазан қаласындағы Құл- Шариф мешітін ешкім бұза алмаған, себебі: Москваға тиіп тұрсада, Қазан қаласы орыстарға еселерін жібермейтін татар халқы өте намысшыл ұлт екен!
Мен "Садақаға осынша төлеу керек"- деген жарнаманы мүлдем көрген жоқпын.
Мен:"Садақаға қанша төлеуім керек?- деп сұрап едім- маған мешіт адамдары: "Бұл базар емес, біріншіден: "Бұл Алланың үйі, екіншіден: жағдайлары нашар адамдардың бар екенін ұмытпау керек, олар осы Алланың үйіне келіп, демдерін алады, Аллаға жалбырынады" Алла бәріне ортақ қой, кедейлерге де байларға да!
Мұнда келген адамдардың ешқайсысын бөле-жармаймыз"- деп жауап берді!
Ал біздегі мешіттер Алланың үйі деген атқа сай болуы керек, жетім-жесірлер мен жарлы-кедейлердің осы қасиетті жерге келіп, Алладан өзінен көмек сұрап, мұң- мұқтажын айта алатын, жалбыранатын пейіш секілді жайлы орын болуы керек! Пітір-садақа жарнамаларына ескертуді зиялы қоғам болып, көпшілік болып жергілікті әкімшілікке айтып, алдыртып тастаулары керек!
Құл- Шариф мешітінде қасиетті құран сүрелері микрофон арқылы үздіксіз оқылып тұрады екен, молдалардың құран оқитын жері - жеке кабинаға орналасқан. Құранды оқып шаршаған кезде, оны басқа молдалар ауыстырып тұрады екен, кабинаға кіруге болмайды, қызыл жіппен қоршаулы! Ал, біздегі молдалар ақша берсең ғана өзіңе жекелей оқып береді, егерде қайтыс болған адамдарыңа құран бағыштаймын десең, ешкімге білдірмей молдекеңнің жанқалтасына ақшаны сүңгітіп жіберуің керек, осындай жаман әдеттерден қашан ғана құтылады екенбіз!
Бізге толығымен өзгеріп, жаңаруымыз қажет!

Гүлжан Камалиденовна
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1648    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.05.2020, 10:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31