Сен тұр - мен айтайын!

Ешкімге керексіз, елеусіз кішкентай ғана, жаңа туған адамды көру қандай азап...

  • Ешкімге керексіз, елеусіз кішкентай ғана, жаңа туған адамды көру қандай азап...

    Ешкімге керексіз, елеусіз кішкентай ғана, жаңа туған адамды көру қандай азап...

Балалар үйіне аналары тастап кеткен бөбектерді көрген сайын егілесің. Моншақтарыма қарап, осындай мөп мөлдір, тұп тұнық тәттілерді қалай қиып кетті екен деп ойға қаламын. Дархан, Дилярамен бір уақытта дүниеге келген тастанды үш сәби ғаламның қай түкпірінде жүр екен? Көздері жастан құрғады ма ?...

Екі бөпеммен де перзентханаға түскенде баласынан бас тартқан ананы, анасы тастап кеткен баланы көрдім. Сәбилер тым өзгеше еді. Өмірге айтары көп екенін көздерінен оқығам. Бірақ тілі жоқ. Көз жасына тұншығып жататын. Тумай жатып тағдырының тас талқаны шыққанын сезетін сияқты. "Біреу қолына алса, біреу маңдайымнан иіскесе" дей ме, әйтеуір шырылдай береді. Анам іңгәмді естіп,қайта оралар деп ниеттенетін шығар. Кейде, үн түнсіз меңіреу тыныштықта тың тыңдап жатқандай монтия қалады.

Барлық аналар баласының құйрығын жуып, памперсін ауыстырып, емізіп, ерелетіп жатқанда, бір бұрышта ешкімге керексіз, елеусіз, тірек-тілексіз кішкентай ғана, жаңа туған адамды көру қандай азап...

Мен көрген тастанды бөбектерді туған екі ана да тұрмыс құрмаған қыздар екенін кейін білдім. Көздерін төмен түсіріп жүретін екіқабат екі әйелдің бейнесі әлі есімде. Олар бізге туған соң баласын тастап кететіндерін айтпады, жасырды. Көпшілікке қосылмады. Палатасынан шықпады. Олар қоғамнан өздерін солай арашалап, солай ақтап, қорғағысы келді. Туып, кетіп қалған соң ғана балаларын тастап кеткенін естідік. Бірі тіпті егіз сәбиді дүниеге әкелетінін, бірі қыз, бірі ұл екенін айтып мақтанған. Ол қалай қиып кетті екен деп миыма сыймайды... Балалардың әкелері қайда? Әрине нанға май жағып жеп, темекісін шегіп, тағы да басқа қатынға иіп, тірі жүр! Бір күндері "сүйдім,күйдім" деп құрығына түсіріп, кейін алдына барып, көтеріп қойғанын айтқан қызына: "Бала менен емес", "Сен маған жолағанда қыз емес етінсің", "Дайын емеспін" деп қашып кеткен. Бұл еркектік емес қой! Еркектік мускуламен, боймен,ақылмен, малтапқыштықпен өлшенбейді . Еркектік сатылмайды, сатып та алынбайды. Ол жылағанды жұбатар азаматтықпен, парызы мен қарызын мойнына көтеріп, қыл арқанды шірітпейтін қарапайым ғана қамқорлықпен өлшенеді. Сіздер нәзікті қорлау үшін емес, қолдау үшін жаралған жоқ па едіңіздер о баста?!

Балалар үйінен хат жазып: "Анамды табуға көмектесіңізші" деген қыздың өтінішінен соң, "Қарекет" бағдарламасына хабарластым. Қыз журналистің "Анаңды неге іздедің?" деген сауалына "Бір көрсем болды" деген еді мейіріммен. "Анаң табылды" дегенде егіле жылап, алдынан құшақ жайып шықты. Ол әйел де қызы тәрбиеленген детдомда өскен екен.Ортаға шыға сала:" Мен мұны қайда алып кетем?" деп жынданып, дірілдеп, тілшілерге тіл тигізді. Неткен қасірет?!

"Хабар біткенде, анаң құшақтады ма, не деді" деймін мен жүрегімдегі нәзік үмітті сөндіре алмай. "Менен тұра қашты. Жоламады. Әпке,менің анам жоқ екен" деді қыз іздегеніне өкініп. Осы постты оқып отырғандардың ішінде де ит өліп жатқандар бар шығар.Айтпай, жасырып жүр. Бірақ арыңыздың алдында қиналасыз ғой.Ойланыңыз!...


 


Куралай Сейсенбеккызы

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1596    Пікірлер: 0

жұма, 13.09.2019, 12:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31