Сен тұр - мен айтайын!

Ешкімге ренжудің қажеті жоқ. Біз - малмыз!

  • Ешкімге ренжудің қажеті жоқ. Біз - малмыз!

    Ешкімге ренжудің қажеті жоқ. Біз - малмыз!

Ешкімге ренжудің қажеті жоқ. Біз - малмыз!
Ауырған таныстарым туралы...
Екі-үш күн температурамен жатып, басын көтере салып көшеге (жұмысқа, базарға, анда-мына) шығып кеткен.
Былай қарасаң сауатты адамдар. Оқуы мен тоқуы бар. Вирустың адам бойында 14 күн сақталатынын біледі. Температура түсіп, бас көтергеніңмен, өкпеге кез келген сәтте түсіп кетуі мүмкін екенін оқып-көріп, естіп жүр.

Жауапкершілік - 0! Өзім жазылсам болды, басқасы өлмесе өміреп қапсын деген әңгіме! Айналасында кәрі, созылмалы ауруы бар адамдардың, балалардың жүргенін ойламайды. Оған жеңіл тиген ауру біреудің өмірін жалмауы мүмкін екенін түсінбей ме, білмеймін.
Одан қалса - жасыру. Өзі пневмания болып тұрып, маған үйіңе кет деп ұрсатын, дүкеніне бүкіл ауыл баратын көршім бар, зарплатамды ұстап қалады деп бастығына айтуға қорыққан сіңлім бар - бәрі КОВИД-ті мойындағысы келмейді!
Бәрінен бұрын қинайтыны - кержақ блогерлер мен дүмшемолдалар. Бүкіл ел аузына қарап отыр деу жоқ. Екі ай карантинде "Вирус жоқ! Вирус жоқ" деп қаңқылдап еді. Енді ел қырылып жатқанда, бұл саяси ойын, мұны әдейі ойлап тауыпты-мыс. Үкімет не қарап отыр деген әңгімелермен елдің басын қатырып бітті.
Әй, адам ойлап тапсын, құдай ойлап тапсын, мейлі. Енді ешкім оған қарсы ештеңе істей алмайды. Тарайтын вирус тарап жатыр. Шынымен сені тыңдайтын, сенің сөзіңе сенетін он адам, жүз адам бар ма, болды ғой. Соларға "Үйде отыр" деп айт. Бір адамға болсын пайдамыз тисін. Кесірін тигізіп жатқандар онсыз да көп. Біздің қолымыздан келетін жалғыз нәрсе - сақтану, жақындарымызды сақтау!
Сосын мойындамау бар. Немқұрайлылық, бәлкім сауатсыздық шығар. Қалай болғанда уақыт оздырып алып, сан соғып жатқар көп. Оларға енді шынымен мемлекет тарапынан ақпарат жетіспейді. Мұрын мен тамақ қышыса болды, дереу көбірек сұйық ішіп, үйде оқшауланып, дәрумендер, ыстық сорпа іш деп үлкен адамға айту керек пе өзі?
Күйіп кеттім. Вроде көзі ашық көкірегі ояу адамдар, Шухрат Шоқан деген сияқты әншісымақ біреудің "Самолетпен у шашып жүр" дегеніне сеніп, еще соны басқаларға тықпалайтынын қайтерсің.
Ойымды шашып алдым, ішім толып тұр, жазатын нәрсе көп. Елге ақыл айта бергенше, өзім барып өкпеме КТ жасатып қайтайын. Арқам мен жүрек тұсым әлі шаншып қояды. 




Көрілген: 3927    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.06.2020, 21:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Шілде, 11:16
    Солар жазалансын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31