Сен тұр - мен айтайын!

Етегіне намаз оқып жүргендері ілеуде бірі ғана

  • Етегіне намаз оқып жүргендері ілеуде бірі ғана

    Етегіне намаз оқып жүргендері ілеуде бірі ғана

Күнделікті таныстардан " Пәлен мың беріп жұмысқа кірдім",  оқуға түсу үшін "пәлен миллион"  бердім десе,  еш эмоциясыз тыңдап отыра береміз ғой. 

 

Заңсыздыққа жол берген тек Тұрсынбек дейсің бе? Ондайлар ортамызда толып жүр. Өйткені біздің елде "әділдік"  деген ұғым атам заманда адыра қалған.

 

Етегіне намаз оқып жүргендері ілеуде бірі ғана. Біздің фейсбуктағылар өздерінше ар соты ғой.

 

Тұрсынбекті былай қойып, қызының атына неше түрлі ауыр сөздерді боратып жатыр.

 

Жазғырғың келсе, заңсыздыққа жол берген тиісті орынды жазғыр, әкесін кінәлә, бірақ, кеше ғана 18-ге толған қызды қаралап, жерден алып, жерге салуға сіздерге кім құқық берді?

 

Өңшең шешенсіген, көсемсіген пікіршілердің пікірін оқып, айдалада отырып, мен тітіркеніп отырмын.  Осынша ауыр сөздерді естіген жап-жас қыз өз-өзіне бір нәрсе істеп қоймаса жарар еді. Аллла бетін ары қылсын!

 

Білемін, біразыңыз әділетсіздікке жандарыңыз күйіп, ішкі эмоцияларыңызды жасыра алмай, неше түрлі сөз айтып әділетсіздікке қарсы шығып жатырсыздар. Десе де, ішкі назды қарғанбай-сіленбей сабырмен жеткізуге болатын шығар.

 

Төбедегі көкелер  үнемі " Елде заң бар! " деп айтып жатады ғой. Сөздері рас болса, заңсыздыққа барғандар заң бойынша тиісті жазасын ала жатар. Соңын күтейік!

 

 

 

Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2147    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.08.2021, 00:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31