Сен тұр - мен айтайын!

ФБ-да "қаламаймыз" деп бәріміз қаралайтын "Қалаулым" неге рейтингі ең жоғары бағдарлама қатарында?

  • ФБ-да

    ФБ-да "қаламаймыз" деп бәріміз қаралайтын "Қалаулым" неге рейтингі ең жоғары бағдарлама қатарында?

"АСТАРЛЫ АҚИҚАТТЫҢ" АСТАРЫНДАҒЫ АҚИҚАТ
Тавтология және көпәріп үшін кешірім өтінем. Соңғы күндері әлеуметтік желіні шулатып жатқан бағдарлама, оның жүргізушісі һәм тақырыбы төңірегінде мен де бірдеңе дей салайын.
Бірнеше адамнан "біздегі журналистердің, журналистиканың деңгейі осындай" деген пікір естідім. Негізі пост жазуыма осы сөздер түрткі болды.
Біріншіден, Дина Төлепбергеннің дәл қазір айналысып жатқан шаруасы таза журналистика емес. Ол инфотейнмент бағытындағы ток-шоу жасауда.
Ағылшынның инфомэйшн - ақпарат және энтертейнмент -
ойын-сауық дейтін сөздерінің қосындысынан туған термин аудиторияға мәлімет беру әрі көңіл көтеру, эмоция беру элементін ұштастыруды көздейді.
Журналистік зерттеу элементтері кездескенімен, бұл бағыт журналистиканың міндеті - өткір мәселені қозғау арқылы қоғамға ой тастауды, оның шешімін іздеуді әркез мақсат етпейді. Оның жақсы үлгісін немесе бұл екі дүниенің айырмашылығын марқұм Бейсен Құранбек ағамыз жүргізген "Айтуға оңай", "Қарекет" бағдарламасынан көруге болады.
Осы жерде екінші мәселе туады. Дина - талантты медиа сатушы. Ол үшін оны жазғыруға болмайды. Өйткені сұраныс бар жерде, ұсыныс туады.
Сергей Довлатовтың "Біз Сталинді қарғаймыз және онымыз дұрыс та. Бірақ төрт миллион арызды кім жазды?" дейтін тамаша қанатты сөзі бар. Сол айтпақшы, бәріміз айыптаған бағдарламаны Ютубта көрген 1 жарым миллионнан астам (пост жазылып жатқан сәттегі сан) адам кімдер?
ФБ-да "қаламаймыз" деп бәріміз қаралайтын "Қалаулым" неге рейтингі ең жоғары бағдарлама қатарында? Оның бәсін ешкім қолдан көтеріп жатқан жоқ қой? Демек миллиондаған көрермен көреді.
Тағы бір мысал: Өзім істейтін "Заң сөйлесін" бағдарламасының әзірге Ютубта ең көп қаралған жалғыз сюжеті - әйелін күйеуінің көзінше зорлаған қаскөйлер туралы детектив. Қаралымы жарты миллионнан асып кетті.
Ал небір мықты заңгер, құзырлы орган өкілдерінен ең өзекті құқықтық проблема туралы, оны шешу жолдары жайлы бар маңызды мағлұматты жинап, көрерменнің аузына шайнап берген керек деректі интернетте бір айда әрі кеткенде 5 мың адам көреді.
Осы жерде үшінші мәселе, немесе сұрақ туады. Кеңес кезінде, жаңылмасам Латвияда телевизияда бір сынақ жасалады. Бір апта бойы телеарнадан 9-шы қабаттан құлап өлген жігіт пен оның өмірі туралы сюжеттер көрсетіледі. Сол уақытта өзіне қол жұмсап, биіктен құлап өлгендер саны республика аумағында күрт өсіп кетеді. Бір аптадан соң әлгіндей материалдарды көрсету сап тыйылғанда суицид көрсеткіші де күрт кеміген.
Телевизия - пропаганда ғана емес, тәрбие құралы. Ал біздегі басты телеарна атаулының бәрі мемлекеттің қолында екенін ескерсек, бұл проблеманың бар түйіні құзырлы министрлік пен мемлекеттік органдардың қолында екені айтпаса да түсінікті. Сонда біз кімге ренжиміз?
Айтпағым осы. Өзіңізді және адамгершілігіңізді сақтаңыз!




Көрілген: 907    Пікірлер: 0

жұма, 05.02.2021, 09:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30