Сен тұр - мен айтайын!

Фигурасы ат, биылдан қысыр қалған, бірінші тума таналардың дәуірі жүріп-ақ тұр

  • Фигурасы ат, биылдан қысыр қалған, бірінші тума таналардың дәуірі жүріп-ақ тұр

    Фигурасы ат, биылдан қысыр қалған, бірінші тума таналардың дәуірі жүріп-ақ тұр

Сиырды әйелге, бұқаны еркекке ұқсатамын. Сенбесеңіз, қараңыз. Қызыл көрсе қамал бұзып, қабырға сүзіп қалауына қаламын түртіп кету бұқа бұқа болғалы бар нәрсе. Әсіресе, мини киген, фигурасы ат, биылдан қысыр қалған, бірінші тума таналардың дәуірі жүріп ақ тұр. Ал біз, әйел біткен соңғы жылдары танауымыз телиіп, кірпігіміз көк тіреп, ерніміз үрленіп, желінімізді жарылардай тырсылдата ісіріп алғанды жөн көріп жүрміз. Көгі балғын, шөбі майса өз өрісімізде күйісімізді қайырып, бұзауымызбен жайылып жүріп, сылқым һәм аса сұлу бұқасыз сиырларды жақтырмай, тілмен мүйіздеп алатын әдетімізден қай ғасырда да жаңылған емеспіз. Сиыр біткеннің сыры бір болғаны сияқты, бұқалардың да жыры бітпейді. Бұқаға қашаннан бір сиыр аз. Кең болсақ, кем болмаспыз қыздар. Өрісте өңмеңдеп, бұқаларымыз әр сиырдың артынан салпаңдағаны ұят ақ. Өз қораңда исініп, итіңдеп жүре берген артық ау. Бағзы заманда ақ айтып қойған ғой «сиыр сипағанды білмейді» деп. Сондықтан әр жұмада аталарымыз апаларымызды қамшының астына алып, нақты, жесткий, грубый болғаны анық. Сөйтіп, өз қорамызда үнсіз жайылып жүре берейік. Ал бұқалар қайда барсын, көздері қызылға түсті ғой, бірақ әсіре қызыл тез оңатынын ұмытпайық.
Бұзауларымыз көп, жем шөбіміз мол, ыңқыл-сыңқылымыз аз болсын.

Куралай Сейсенбеккызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 5157    Пікірлер: 0

сенбі, 02.01.2021, 17:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31