Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Футболдың маңайындағы істің бәрі жасанды, пиар үшін құрылғандай әсер аласың

26 наурыз 2019, 11:11

Шетелден легионер шақырғаныңмен, ойнап қарық қылмайды екен. Оның үстіне біздің жігіттер олардан бәленбай есе аз ақша алады. Мүмкін мұнда да жемқорлық бар шығар, бөлісетін шығар, білмеймін. Осының бәрі футболшылардың көңіл-күйіне әсер етеді. Бізде шетелдік жұмысшылар да көп айлық алып, өзіміздің адамдарға олардан он есе аз береміз. Спортта да, барлық жерде сол. Осы теңсіздікті жою керек. Ақша үшін ойнайтын адам қанша тырысқанымен, бәрібір оның ісі жасанды болып тұрады. Жеңіске жету үшін – команданың мүшелерін қазақтың арасынан таңдап алуымыз керек. Сонда олар намысқа тырысып ойнайды. Ол үшін жасөспірімдер арасындағы футболды дамытып, болашақ чемпиондарды солардың ішінен іріктеп шығару керек. Жеңіске жетуге асықпайық. Болашақта бәйгеге қосатын атты да жас кезінен бастап, жылдап баптайды ғой?! Футбол мәдениетін қалыптастыратын, біртіндеп жеңіске жеткізетін осындай үлкен саясат, табанды саясат керек. Біз қазір шетелден легионерлерді шақырып алып, солардың жолын байлап отырмыз. Футболдың маңайындағы істің бәрі осындай жасанды, пиар үшін құрылғандай әсер аласың. Бір үлкен мерейтой мен дүбірлі той болатын кезде Ресейден әртістер шақыратын жаман әдет бар бізде. Сонау шетелден легионерлар алдыратыны да тура сондай бәр сәттік қана эффект беретін нәрсе. «Астана» велокомандасына да милиондаған доллар жұмсады. Кейін сондағы легионер аузына келгенін айтып кетті. Бізде ғана осының бәріне мемлекеттік бюджеттен ақша бөледі екен! Қысқасы, спортқа ұлттық идеологияның көзімен қарауымыз керек. Қанша мықты болғанымен, шетелдіктер бізге үлгі бола алмайды. Бүгін бар да, ертең жоқ адамдар олар. Жастар еліктеп өсетіндей, кумир көретіндей мықты футболшыларды өзіміз өстіп дайындап шығаруымыз керек!

Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан