Сен тұр - мен айтайын!

Ғарыш, анадай инновация, не... дегендерді сәл қоя тұрып, құттай интернет қосып бере салыңыздаршы?

  • Ғарыш, анадай инновация, не... дегендерді сәл қоя тұрып, құттай интернет қосып бере салыңыздаршы?

    Ғарыш, анадай инновация, не... дегендерді сәл қоя тұрып, құттай интернет қосып бере салыңыздаршы?

Туздыбастауға көшерімізді көшіп алып, жылда бірдеңе жазып жылаймын да отырамын. Қайтадан қалаға көшіп те кетуге болады-ау, бірақ біз деген дамыған 30 елдің қатарындағы ел емеспіз бе?
Бәрін басынан бастасам, алдыңғы жылы жел соқса свет өшіп қала беретін, соны жазып жылайтынмын. Әлі де керемет боп кеткен ештеңесі жоқ, просто өзіміз үйреніп алдық. Су да сол. Оған да үйрендік. Жолды ғой, әйтеуір әрдеңе төсеп жүріп түзеп келеміз. Галош аман болсын.
Қоя берші, құрсын. Биылғы жыр бұрынғы жырдан өзгерек болғалы тұр. Өйткені енді бізде интернет жоқ. Короновирус жағдайында интернетсіз қалған аш қалғаннан жаман болғалы тұр. Рас! Әне міне дегенше сабақ басталып, елу еліміз шығатын болды ғой деп қорқып отырмыз.
Мына мобильді интернет деген әшейін далбаса, неше түрлі роутер пайдаланып көрдік. Онымен видео жүктеліп болмайды, онлайн қосыла алмаймыз, қайта-қайта "қатып" қала береміз)))

Бізге енді көмек керек, рас айтам. Көршілер чатында тек біз тұратын Айсулу шағын ауданы емес,Тұздыбастаудың түкпір-түкпірінде интернеті жоқ ел алаң күйде...
Ал көмекті ҚР Цифрлы даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі беретін шығар деп ойлаймын. Мүмкін болса тегтеп жіберіңіздерші. Ғарыш, анадай инновация, не... дегендерді сәл қоя тұрып, құттай интернет қосып бере салыңыздаршы? Қазақтелеком деген де бір әулие болды, оның әңгімесі бөлек. Бірақ қазір одан басқа амал жоқ боп тұр?! 




Көрілген: 595    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.08.2020, 01:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30