Газеттер жазса, әкімдік үй бере ме деген есекдәме

04 сәуір 2018, 14:01

Сенсация іздеп, жаңа туған үшемдердің суретін жариялайтын болды осы күні. Бұрын қазақ үшем түгілі жаңа туған нәрестені қырқынан шыққанша ешкімге көрсетпейтін еді. Тіпті, малдың төлінің өзін аяқтанғанша көзден таса ұстайтын.
Ал, қазір жерден жеті қоян тапқандай жарыса жариялап жатамыз. Ата-анасын да түсінуге болады. Газеттер жазса, әкімдік үй бере ме деген есекдәме. Білуімше биылдыққа ОҚО-да осымен үшінші рет үшем келді дүниеге. Соларға әкімдік тарапынан үй әперіпті дегенді естімедім. Берсе, кәләскі, белсебет секілді майда-шүйде бірдеңе берген шығар? Бірақ олардың құны баланың денсаулығынан артық емес қой, суретін жарияламай-ақ сүйінші сұрай берсе болмай ма?

Ержан Тәліп
Фейсбуктегі парақшасынан