Сен тұр - мен айтайын!

ГЕНА ЖЕҢДІ, БІРАҚ КӨҢІЛДЕ ДЫҚ ҚАЛДЫ

  • ГЕНА ЖЕҢДІ, БІРАҚ КӨҢІЛДЕ ДЫҚ ҚАЛДЫ

    ГЕНА ЖЕҢДІ, БІРАҚ КӨҢІЛДЕ ДЫҚ ҚАЛДЫ

Неге? Өйткені Генажанның бұрынғы джебі жоқ. Джеб - қарсыластың бетіне (басына, кеудесіне, ішіне) қарай тіке сермелетін соққы. Генаның осы джебі үшін "бес" деген баға қоюға болатын бұрын. Қалғаны техниканың ісі еді, әсіресе, төбеден төмен қарай сылқ еткізіп ұрған соққысын айтсаңшы.

Ал мына Сергеймен болған жекпе-жегінде соққылары қарсыласына дәл, жақсы тиіп жатқанымен, олары өте аз болды. Қарсыласына қол сермемей, оңынан, солынан алмакезек ұрмай, бетін қолғабымен бүркеп барып, "тұрып қалуы" Сергейді "оятып" жіберді. Соққылары біздің Генаға тимесе де өршеленіп кетті. Ә дегендегі құлағанын да, қабағы жарылғанын да ұмытып, ашық төбелеске кірісті.

Менің ойымша, мақтаулы бапкер деген Джонатан Бэнксіңіз айналайын Генаны өзінің ең сүйікті тәсілі "джебінен" айырыпты.

Генажанға әлі де болса джеб керек. Өйткені алдыңғы қолын сермесе болды нәтиже болатынын көз көрді.

"Канело" да осы ойыннан кейін ГГГ-ны қандай сөздермен түйреп алсам екен деп ойланып отырған шығар. Өйткені, Гена кеше ғана ол туралы "оны да, оның промоутерлік компаниясын да ешкім жақсы көрмейді" деп салғанда, "қап, әттеген-ай, бекер айтты-ау осы сөзді" деп ем...


Әліптің артын бағайық.


Көсемәлі Сәттібайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3113    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.10.2019, 12:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 12:26
    Тойда билеуден қорқамын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31